Жамбыл облысы әкімінің кеңесшісі тағайындалды

616

Біржан Сартбекұлы Сөктай Жамбыл облысы әкімінің кеңесшісі болып тағайындалды.

Б. Сөктай 1981 жылы Талас ауданында өмірге келген. Ол Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «Қазақ тілі әдебиеті және ағылшын» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Біржан Сартбекұлы өз еңбек жолын 2003 жылы Жамбыл облыстық телеарнасынан бастаған. Одан кейінгі әр жылдары Республикалық «КТК», «ОРТ» «Еуразия», «МИР» телерналарында еңбек етіп, шыңдалды. Атырау және Ақмола облыстық телеарналарында басшылық қызметтi де атқарды. «Нұр Отан» партиясының баспасөз қызметiнде, «Түркістан» газеті бас редакторының орынбасары болып қызмет етті.
Б.Сөктай 2018 жылдың қаңтарынан бастап бүгінгі күнге дейін Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметінің жетекшісі болып еңбек етіп келді.
Жаңа кеңесші облыстың идеологиялық саласына жауап беретін болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.