Мұнайдың әлемдік бағалары көтерілді

460

Дүйсенбі, 26 қараша күні Лондон мен Нью-Йорк биржаларында өткен сауда-саттық қорытындысы бойынша мұнай бағасы көтерілді.

Атап айтқанда, Лондондағы ICE Futures биржасында қаңтарда жеткізілетін Brent маркалы мұнайдың фьючерстері 1,22 долларға жоғарылап, 60,41 долларды құрады.

Ал Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) қаңтар айында жеткізілетін WTI маркалы мұнай бағасы 1,21 долларға қымбаттап, баррелінің бағасы 51,63 доллар болды.

inform.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.