Ирандағы жер сілкінісінен 634 адам зардап шекті

706

Иран елінің батысындағы Керманшах провинциясында болған жер сілкінісінен зардап шеккендер саны 634-ке жетті.

Өткен жексенбіде иран-ирак шекарасы ауданындағы Саре-Поле-Захаб қаласының маңында магнитудасы 6,4 болған жер сілкінісі болған, деп хабарлайды Тегеран университетіндегі Геофизика институтының сейсмологиялық орталығынан.

Жерасты дүмпулер Керманшах және Илам провинцияларында, сондай-ақ Бағдад қаласы және Әзербайжанда сезілген. Магнитудасы 5,2, 4, 4 және 4,1 балл болған 4 афтершок Иранның Керманшах провинциясында тіркелді. Сейсмолог мамандардың мәліметінше, жерасты дүмпулер жергілікті уақытпен сағат 20:07-де тіркеліп, ошағы 7 шақырым тереңдікте орналасқан.

Жер сілкінісінің ошағы елдің батысындағы Керманшах провинциясының Сере-Поле-Зохаб қаласынан 17 шақырым жерде тіркелді.

Еске сала кетейік, 2017 жылдың 12 қарашасында Керманшах провинциясында магнитудасы 7,3 балға дейін жеткен жойқын жер сілкінісі болды. Еуропа-Жерорта сейсмологиялық орталығының хабарлауынша, жерасты дүмпулер ошағы ирандық Азгле қаласында болған, тереңдігі 11 шақырымды құраған. Елдің құқық қорғау органдарының мәліметі бойынша, жер сілкінісінен кем дегенде 630 адам көз жұмып, тағы 12 мыңға жуық адам зардап шекті.

inform.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.