Заң талабы — баршаға ортақ

1
🔹Ауыл шаруашылығы министрлігінде «Заң және тәртіп» қағидатын іске асыру мәселелері талқыланды.
📍Ауыл шаруашылығы министрлігінде «Заң және тәртіп – Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың негізгі қағидаты» тақырыбында республикалық конференция өтті.
Іс-шараны Ауыл шаруашылығы министрлігі «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет органдары ардагерлерінің қазақстандық ұйымымен» бірлесіп ұйымдастырды.
Конференцияға мемлекет қайраткерлері, мемлекеттік органдар өкілдері, сарапшылар және құқық қорғау саласының ардагерлері қатысты.
Жиында агроөнеркәсіптік кешендегі заңдылықты нығайту, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу, саланы мемлекеттік қолдау тетіктерінің ашықтығын арттыру және мемлекеттік басқарудың тиімділігін қамтамасыз ету мәселелеріне баса назар аударылды.
Конференцияны ашқан Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов өз сөзінде «Заң және тәртіп» қағидатын сақтау мемлекеттің және оның институттарының тұрақты дамуының негізгі шарттарының бірі екенін атап өтті.
«Агроөнеркәсіптік кешен үшін бұл қағидаттың маңызы ерекше. Өйткені мәселе мемлекеттік ресурстарды тиімді пайдалану, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қолдау тетіктерінің ашықтығын қамтамасыз ету және салаға қатысушылардың мүдделерін қорғау туралы болып отыр. Адалдық мәдениетін қалыптастыру және сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік қазіргі мемлекеттік басқару жүйесінің ажырамас бөлігіне айналуға тиіс», – деді Азат Сұлтанов.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет органдары ардагерлерінің қазақстандық ұйымы» Ардагерлер кеңесінің төрағасы Салимбай Шунеев құқықтық тәртіпті нығайту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті арттыру мәселелерінде мемлекеттік органдардың, сарапшылар қауымдастығының және азаматтық қоғам институттарының өзара іс-қимылы маңызды екенін атап өтті.
Конференция барысында ҚР ҰҚК Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі директорының орынбасары Данияр Ақжанов және Мемлекеттік қызмет істері агенттігі департамент директорының орынбасары Асхат Ескендіров сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және жолын кесудің заманауи тәсілдерін таныстырып, осы бағыттағы заңнаманы жетілдірудің негізгі бағыттарын атап өтті.
Жиын барысында әсіресе, «Заң және тәртіп» қағидатын іс жүзінде жүзеге асыруға, жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға, адалдық пен жеке жауапкершілік қағидаттарын насихаттауға баса назар аударылды.
Қатысушылар агросектордың Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуындағы рөлін және Мемлекет басшысының тапсырмаларын ескере отырып, басқару және құқық қолдану тетіктерін одан әрі жетілдіру қажеттігін талқылады.
Конференция соңында ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет органдары ардагерлерінің қазақстандық ұйымы өзара іс-қимыл туралы меморандумға қол қойды.
Меморандумның басты мақсаты — агроөнеркәсіптік кешен саласында «Заң және тәртіп» қағидатын іске асыру, ақпараттық-түсіндіру, сараптамалық және қоғамдық іс-шаралар өткізу, талдамалық және әдістемелік материалдар алмасу, сондай-ақ құқық қолдану тәжірибесі мен мемлекеттік басқаруды жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу бойынша бірлесіп жұмыс атқару.
Меморандум аталған саладағы үрдістердің ашықтығын, жауапкершілігін және тиімділігін арттыру мақсатында тараптардың жүйелі өзара іс-қимылын қамтамасыз етуге берік негіз қаламақ.
Leave A Reply

Your email address will not be published.