Қоғамның ортақ жауапкершілігі

2

Жамбыл ауданында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет – қоғамның ортақ жауапкершілігі» тақырыбында маңызды кездесу өтті.Іс-шара Жамбыл облысы әкімдігінің Ақпарат және қоғамдық даму басқармасының қолдауымен, «Адал қоғам» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өткізілді.
Кездесуді «Әділдік жолы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Жамбыл облыстық филиалының жетекшісі Назима Дәрменқызы жүргізді.
Жиынға жастар мен азаматтық қоғам өкілдері қатысып, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, құқықтық сауаттылықты арттыру және қоғамда адалдық пен әділдік құндылықтарын қалыптастыру мәселелері төңірегінде пікір алмасты.
Кездесу барысында жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасын қалыптастырудың, қоғамдық бақылауды күшейтудің және әр азаматтың өз жауапкершілігін сезінуінің маңыздылығы атап өтілді.
Адал қоғам – әр азаматтың жауапкершілігінен басталады!
Әділдік пен адалдықты бірге дәріптеп, жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру – баршамызға ортақ міндет.

Leave A Reply

Your email address will not be published.