Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №67 мекемесінде Спорт күніне орай кәмелетке толмаған жасөспірімдермен спорттық іс-шара өткізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын насихаттау, дене шынықтыруға қызығушылығын арттыру, спорт арқылы тәртіптілік пен жауапкершілік қасиеттерін қалыптастыру.
Шара барысында жасөспірімдер спорттық жарыстарға белсене қатысып, өздерінің ептілігі мен шапшаңдығын көрсетті. Қатысушыларға спортпен тұрақты шұғылданудың денсаулыққа пайдасы және бос уақытты тиімді өткізудің маңыздылығы түсіндірілді.
Спорттық іс-шара соңында белсенді қатысушыларға алғыс айтылып, спортты күнделікті өмір салтына айналдыруға шақырылды.
Мұндай іс-шаралар жасөспірімдердің денсаулығын нығайтып қана қоймай, олардың жағымды мінез-құлық қалыптастыруына, ұжымда өзара сыйластық пен достық қарым-қатынасты нығайтуына ықпал етеді.