Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №25 мекемесінде психолог мамандарының ұйымдастыруымен №7 жасақта жазасын өтеп жатқан сотталған азаматтармен психологиялық-профилактикалық іс-шара өткізілді.
Іс-шара барысында сотталғандардың психологиялық жағдайын тұрақтандыру, эмоционалдық көңіл-күйін жақсарту, өзара қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру және күйзеліс жағдайларының алдын алу мақсатында психологиялық тренинг жүргізілді.
Сонымен қатар, қатысушыларға МАК (метафоралық ассоциативті карталар) әдістемесі қолданылып, олардың ішкі эмоционалдық жағдайын анықтауға, ой-пікірлері мен сезімдерін ашық жеткізуіне мүмкіндік берілді.
Өткізілген іс-шара сотталғандардың психологиялық ахуалын зерделеуге, эмоционалдық тұрақтылығын арттыруға және психологиялық қолдау көрсетуге бағытталды.
Маржан СЕЙДУЛЛАЕВА, Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №25 мекемесінің аға инспектор психологы, әділет майоры