Елімізде баспана саудасы бәсеңдеді

71

Қазақстанда шілде айында тұрғын үйді сату-сатып алу бойынша 37 158 мәміле тіркеліп, бір айда көрсеткіш 4,9 пайызға төмендеді. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлім етті.

Ең көп мәміле Алматы қаласында (7 263 немесе 19,5%), Астанада (6 999 немесе 18,8%) және Қарағанды облысында (2 688 немесе 7,2%) тіркелді. Ал ең төменгі көрсеткіш Ұлытау облысында тіркеліп, жалпы санның 0,8 пайызын (311 мәміле) құрады. Маусым айымен салыстырғанда мәміле саны Шымкентте (14,2%), Батыс Қазақстан (14%) және Жамбыл (11,5%) облыстарында өссе, Маңғыстау (-33,7%), Қарағанды (-28,7%) және Түркістан (-22,4%) облыстарында едәуір азайған.

Сондай-ақ көппәтерлі үйлердегі мәмілелер саны 2,9 пайызға қысқарып, 28 575-ті құрады, бұл – жалпы сатылымның 76,9 пайызы. Тұтынушылар арасында екі бөлмелі пәтерлер ең үлкен сұранысқа ие болып, олар бойынша 11 056 мәміле жасалды. Бұдан бөлек, жеке тұрғын үйлерге де сұраныс бәсеңдеп, мәмілелер саны бір айда 10,8 пайызға төмендеді. Жеке үйлер саудасының ең үлкен төмендеуі Маңғыстау (-49%), Ұлытау (-47%) және Қарағанды (-32,9%) облыстарында байқалды.

Бұған дейінгі көрсеткіштермен салыстырғанда, 2025 жылдың шілдесіне қарағанда мәмілелер саны 6,5 пайызға азайған (39 742-ден 37 158-ге дейін). Ал қаңтар-шілде аралығындағы жалпы көрсеткіш өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 2,6 пайызға төмендеді.

Qaz365.kz.

фото: shutterstock

Leave A Reply

Your email address will not be published.