Самат Смақов «Атырау» клубының бас бапкері болып тағайындалды

83

Әлеуметтік желіден
«Атырау» футбол клубының бас бапкері қызметіне Қазақстан футболының ардагері Самат Смақов тағайындалды. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлады.

Самат Смақов бапкерлік мансабында «Ордабасының» жаттықтырушылар құрамында жұмыс істеп, кейін семейлік «Елімай» командасын басқарған. Оның жетекшілігімен команда Қазақстан Премьер-лигасына жолдама алған.

Сондай-ақ маман «Астана» клубында техникалық директор қызметін атқарып, «Жетісу» командасының бас бапкері болды.

Смақов футболшы ретінде де Қазақстан футболында айтарлықтай із қалдырған. Ол ұлттық құрама сапында 76 матч өткізіп, Қазақстанның алты дүркін чемпионы атанған. Сонымен қатар төрт рет Қазақстанның үздік футболшысы ретінде танылған.

«Атырау» клубы жаңа бас бапкерге сәттілік пен толағай табыс, сондай-ақ жарқын жеңістер тіледі.

Толық нұсқасына гиперсілтеме беруді ұмытпаңыз: https://turkystan.kz/article/286274-samat-smaqov-atyrau-klubynyn-bas-bapkeri-bolyp-tagaiyndaldy

Leave A Reply

Your email address will not be published.