Сарысуда 1796 «алтын құрсақты» ана бар

110
Ана – тіршіліктің алтын арқауы. Асыл ананың қадірі туралы ұлағатты сөздер жеткілікті. «Жәннат – ананың табанының астында» — деген даналықтың астарында теңіздей терең мағына жатқаны баршамызға белгілі.
🔰Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында Мемлекет басшысы Қасым — Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен бекітілген «Алтын» және «Күміс» алқа мемлекеттік наградаларды тапсыру шарасы өтті. Мемлекеттік награданы аудан әкімі Сәкен Мамытов салтанатты түрде табыстап, әрбір отбасының ұйытқысы әрі берекесі болып отырған алтын құрсақты аналарды марапаттарымен құттықтап, алғысын білдірді.
🔰Марапатталғандар қатарында 6 ана алтын алқа тағынса, 23 ана күміс алқаға ие болды. Жалпы аудан бойынша бүгінгі таңда 1796 «алтын құрсақты» аналар бар, оның ішінде 722 ана «Алтын алқа» және 1075 ана «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған.
Батыр аналарымыздың саны — 134
Leave A Reply

Your email address will not be published.