Аудан әкімінің есептік кездесулері

90
АУДАН ӘКІМІ СӘКЕН МАМЫТОВТЫҢ ЕСЕПТІК КЕЗДЕСУІ ШАЛҒАЙ АУЫЛДЫҚ ОКРУГТЕН БАСТАЛДЫ
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын Үкімет» тұжырымдамасына сәйкес, бүгін аудан әкімінің ауыл тұрғындарымен есептік кездесуі Қамқалы ауылдық округінде бастау алды. Жиын барысында аудан әкімі Сәкен Мамытов атқарылған жұмыстарды тарқатып, алдағы жоспарларға тоқталды. Сонымен қатар, жұмыстар сараланып, салмақты ойлар айтылды.
🔰Алдымен аудан басшысы: — Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен Жаңа конституция жобасын дайындау бойынша ауқымды жұмыстар атқарылды. 2026 жылдың 15 наурызында өткен республикалық референдум нәтижесінде жаңа Конституция (Ата Заң) қабылданды. Оған дауыс беруге қатысқан халықтың 87,15 пайызы қолдау білдірді. Жаңа Ата Заң 2026 жылғы 1 шілдеден бастап ресми түрде өз күшіне енді.
Жаңа Конституция Преамбуладан, 11 бөлімнен және 95 баптан тұрады. Оның мәтіні бұрынғы Негізгі заңның шамамен 84 пайызын сақтай отырып, басқару жүйесі мен азаматтардың құқықтарына айтарлықтай жаңалықтар енгізілді, — деп жаңа Конституциялық реформаға талдау жасады.
🔰Сонымен қатар, өңірдің дамуына да тоқтала кетті. Мәселен, соңғы жылдары Жамбыл облысында ауқымды инвестициялық жобалар жүйелі түрде қолға алынуда. Бұл жұмыстар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың инвестиция тарту, өңдеу өнеркәсібін дамыту және жаңа өндірістерді іске қосу жөніндегі тапсырмалары мен тұрақты қолдауының аясында жүзеге асуда.
Қазіргі таңда облыстың инвестициялық пулында жалпы құны 5,6 триллион теңгені құрайтын 116 жоба бар. Оларды іске асыру нәтижесінде 20 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде. Оның ішінде 71 жоба қазіргі таңда құрылыс кезеңінде. Тағы 45 жоба жобалау алдындағы дайындық жұмыстарынан өтуде. Бұл жобалардың басым бөлігі өнеркәсіп, энергетика, агроөнеркәсіптік кешен, туризм және «жасыл» экономика салаларына тиесілі.
🔰Ауыл тұрғындары атқарылып жатқан жұмыстарды жан жақты талдап, көкейлеріндегі сұрақтарға толық жауап алды. Округ тұрғындары аудан басшысының есебіне оң бағасын беріп, жұмысына сәттілік тіледі.
АУЫЛДЫҢ ӨРКЕНДЕУІ — МЕМЛЕКЕТТІҢ ДАМУЫ
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын Үкімет» тұжырымдамасына сәйкес, бүгін аудан әкімінің ауыл тұрғындарымен есептік кездесуі Досбол ауылдық округінде жалғасты. Кездесуге қоғамдық кеңестің төрағасы Қырғызбаев Сахарап Бөгенбайұлы, Жаңатас қалалық билер кеңесінің төрағасы Бегеев Сағынбек Арыстанбекұлы, аудандық полиция бөлімінің бастығы Ринат Оразбайұлы, төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Мелдеев Алмаз Асқарұлы, аудан әкімінің орынбасарлары, аудан әкімдігінің салалық бөлім басшылары, аумақтық мекеме-кәсіпорын басшылары қатысты. Жиында аудан басшысы жыл басынан бері атқарылған жұмыстарға тоқталып, алдағы жоспарларымен бөлісті. Жыл сайын ауылдық округтерге жағдай жасау мәселесі бойынша жұмыстар жандандырылуда. Жиында ауылды дамыту — басты мақсат екені айтылды.
🔰Алдымен аудан басшысы: — Мемлекет басшысы Қасым- Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен Жаңа конституция жобасын дайындау бойынша ауқымды жұмыстар атқарылды. 2026 жылдың 15 наурызында өткен республикалық референдум нәтижесінде жаңа Конституция (Ата Заң) қабылданды. Оған дауыс беруге қатысқан халықтың 87,15 пайызы қолдау білдірді. Жаңа Ата Заң 2026 жылғы 1 шілдеден бастап ресми түрде өз күшіне енді.
Жаңа Конституция Преамбуладан, 11 бөлімнен және 95 баптан тұрады. Оның мәтіні бұрынғы Негізгі заңның шамамен 84 пайызын сақтай отырып, басқару жүйесі мен азаматтардың құқықтарына айтарлықтай жаңалықтар енгізілді, — деп жаңа Конституциялық реформаға талдау жасады.
🔰Сонымен қатар, өңірдің дамуына да тоқтала кетті. Мәселен, соңғы жылдары Жамбыл облысында ауқымды инвестициялық жобалар жүйелі түрде қолға алынуда. Бұл жұмыстар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың инвестиция тарту, өңдеу өнеркәсібін дамыту және жаңа өндірістерді іске қосу жөніндегі тапсырмалары мен тұрақты қолдауының аясында жүзеге асуда.
Қазіргі таңда облыстың инвестициялық пулында жалпы құны 5,6 триллион теңгені құрайтын 116 жоба бар. Оларды іске асыру нәтижесінде 20 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде. Оның ішінде 71 жоба қазіргі таңда құрылыс кезеңінде. Тағы 45 жоба жобалау алдындағы дайындық жұмыстарынан өтуде. Бұл жобалардың басым бөлігі өнеркәсіп, энергетика, агроөнеркәсіптік кешен, туризм және «жасыл» экономика салаларына тиесілі.
🔰Ауыл тұрғындары өз кезегінде көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, ауылдағы кейбір түйткілді мәселелерді ортаға салды. Тұрғындардың тілегін тыңдаған Сәкен Үмбетұлы Заң аясында жауап беріп, мәселелердің шет қалмайтындығын жеткізді.
ТОҒЫЗКЕНТТІКТЕРДІҢ ТАЛАП — ТІЛЕКТЕРІ ТЫҢДАЛДЫ

 Тоғызкент ауылдық округінің Әбілдә ауылында аудан әкімі Сәкен Мамытовтың есептік кездесуі өтті. Жиында аудан басшысы: — Қадірменді көпшілік! Қазақстан Республикасының Президентінің «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» 2022 жылғы 3 наурыздағы №826 Жарлығына сәйкес, бүгін өздеріңізбен кездесіп, 2026 жылдың І-ші жартыжылдығында ауданымызда атқарылған жұмыстары туралы баяндап, аудан жұртшылығының талап тілектеріңізді тыңдауға жиналып отырмыз. Жиынымыздың басында елімізде жүзеге асырылып жатқан саяси реформаларға тоқтала кетуді жөн көріп отырмын, — деп еліміздегі саяси науқан туралы кеңінен тоқталды.

Сонымен қатар, өңірдің дамуына да тоқтала кетті. Мәселен, соңғы жылдары Жамбыл облысында ауқымды инвестициялық жобалар жүйелі түрде қолға алынуда. Бұл жұмыстар Мемлекет басшысы Қасым- Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың инвестиция тарту, өңдеу өнеркәсібін дамыту және жаңа өндірістерді іске қосу жөніндегі тапсырмалары мен тұрақты қолдауының аясында жүзеге асуда.
Қазіргі таңда облыстың инвестициялық пулында жалпы құны 5,6 триллион теңгені құрайтын 116 жоба бар. Оларды іске асыру нәтижесінде 20 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде. Оның ішінде 71 жоба қазіргі таңда құрылыс кезеңінде. Тағы 45 жоба жобалау алдындағы дайындық жұмыстарынан өтуде. Бұл жобалардың басым бөлігі өнеркәсіп, энергетика, агроөнеркәсіптік кешен, туризм және «жасыл» экономика салаларына тиесілі.
🔰Жиында Сәкен Үмбетұлы жыл басынан атқарылған жұмыстарға тоқталып, ауылды дамытуда барлық жан — жақты қолдауларды көрсете беретінін айтты. Сонымен қатар, алдағы мақсат міндеттемелер туралы да баяндады. Аудан басшысының есебін тыңдаған тоғызкенттіктер оң бағасын беріп, ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.
Leave A Reply

Your email address will not be published.