Respublica партиясының өкілдері Тараздағы зауыт жұмысшыларының ұсыныстарын тыңдады

70

Respublica партиясы
Respublica партиясының сайлауалды штабы Тараз қаласындағы «Запчасть» АҚ-ның еңбек ұжымымен кездесу өткізді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Кездесу барысында өндіріс саласының өзекті мәселелері мен тұрғындарды толғандырған әлеуметтік тақырыптар талқыланды.

Зауыт қызметкерлері міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қатысты сауалдарын қойып, зейнет жасына жеткен әйелдердің еңбек жағдайына байланысты өз пікірлерін білдірді.

Құрылтай депутаттығына кандидат Олжас Құспеков Respublica партиясының бастамасымен вейптердің айналымына тыйым салынғанын және лудоманияның алдын алуға бағытталған заңнамалық өзгерістер қабылданғанын айтты. Сондай-ақ автожолдарда орташа жылдамдықты енгізудің жол қауіпсіздігін арттырудағы маңызына тоқталды.

Кандидат Жалынбек Жайнарбай мен Ерлан Сүлейменов өндіріс саласындағы өзекті мәселелерге тоқталып, Respublica партиясының кәсіпкерлік пен өндіріс саласына қатысты бастамаларын таныстырды.

Екатерина Смолякова Respublica партиясы фракциясының соңғы үш жылдағы заң шығару қызметі мен өңірлердегі кездесулері туралы ақпарат берді. Сонымен қатар ерекше қажеттілігі бар балаларды тәрбиелеп отырған аналардың мерзімінен бұрын зейнетке шығуына қатысты мәселелер жөнінде пікір білдірді.

Кездесу ашық диалог форматында өтіп, қатысушылар өз ұсыныстары мен пікірлерін ортаға салып, көтерілген мәселелер бойынша пікір алмасты.

Толық нұсқасына гиперсілтеме беруді ұмытпаңыз: https://turkystan.kz/article/286054-respublica-partiiasynyn-okilderi-tarazdagy-zauyt-zumyssylarynyn-usynystaryn-tyndady

Leave A Reply

Your email address will not be published.