ГҮЛ ШОҚТАРЫН ҚОЮ РӘСІМІ ӨТТІ

23
Таразда Кеңес Одағының Батыры Ақәділ Суханбаевтың ерлік жасаған күніне орай ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.
Тағылымды іс-шараға Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков, бөлім, мекеме басшылары, ардагерлер, зиялы қауым өкілдері, жастар және шаһар тұрғындары қатысты.
Жиналған қауым батырды бір минут үнсіздікпен еске алып, рухына тағзым етті.
Ел тарихындағы батырлардың есімін ұлықтап, ардақ тұту – бүгінгі ұрпақтың парызы. Сондықтан Отан алдындағы борышын адал атқарып, жат жерде қаза тапқан боздақ жауынгердің есімі мәңгілікке өшпейді.
Leave A Reply

Your email address will not be published.