Жастар бірлік пен келісімді қалайды

62
Достық үйінде «Бірлігі жарасқан көпұлтты Қазақстан» тақырыбында жастармен кездесу өтті.
Мұндағы басты мақсат – жастар арасында қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік құндылықтарын насихаттау, этносаралық татулықты нығайту және Қазақстан халқының мәдени әралуандығына құрмет сезімін қалыптастыру болатын.
Кездесуді «Қоғамдық келісім» КММ мен қалалық «Жастар ресурстық орталығы» КММ бірлесіп ұйымдастырды. Оған «Қоғамдық келісім» КММ көрме залының меңгерушісі Жазира Шілдебаева, Ғылыми-сараптамалық бөлімінің жетекші сарапшысы Замана Исмаилова, Жобаларды іске асыру және ҚХА құрылымдарымен жұмыс бөлімінің жетекші сарапшысы Рахат Ерханұлы, сондай-ақ қаламыздағы түрлі этнос өкілдерінен құралған жастар қатысты.
Жүздесу барысында спикерлер қоғамдық келісім мен этносаралық татулықтың қоғам тұрақтылығын қамтамасыз етудегі маңызына тоқталып, жастардың осы бағыттағы белсенділігін арттырудың өзектілігі туралы ой бөлісті.
Сонымен қатар Қазақстан халқы Ассамблеясының елдегі бірлік пен келісімді нығайтудағы рөлі кеңінен сөз болды.
Бұған қоса жастар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, еркін форматта пікір алмасты.
Кездесу соңында қатысушылар естелік суретке түсіп, іс-шара жоғары деңгейде қорытындыланды.
Leave A Reply

Your email address will not be published.