Полицей өзіне ескерту жасаған азаматтың ұялы телефонын тартып алған

648

Маңғыстаулық полицей өзіне ескерту жасаған азаматтың ұялы телефонын тартып алды.

Оқиға Мұнайлы ауданы Көктем шағын ауданындағы аялдама жанында болған. «Жол-патрульдік полициясының көлігі арнайы жарық беру құралын қоспай, жаяу жүргінші жолағына тым жақын тұр. Осылайша адамдардың өміріне қауіп төндіріп тұрғанын неге ескермейді», — дейді бейнеролик авторы. Дегенмен тәртіп сақшылары оның ескертуіне құлақ аспай, қызметтік куәлігін сұраған адамның ұялы телефонын күштеп тартып алыпты. Алайда аздан соң қайтарып берген. Полицей дөрекілік танытқан азамат өңірлік полиция департаментіне арыз жазды. Әзірге жауап жоқ.

24.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.