4-МАУСЫМ МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР КҮНІ

35

4 маусым – еліміздің тарихындағы айрықша күн. Бұл күні Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы, Мемлекеттік Елтаңбасы және Мемлекеттік Әнұранының маңызын дәріптеп, олардың ел тәуелсіздігі мен ұлттық бірлікті нығайтудағы ерекше рөлін насихаттаймыз.

Мемлекеттік рәміздер – Қазақстанның егемендігі мен мемлекеттілігінің ажырамас белгілері. Олар халқымыздың бай тарихын, мәдени мұрасын, бейбітшілік пен келісімге негізделген құндылықтарын бейнелейді.

Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – әрбір азаматтың конституциялық міндеті әрі Отанға деген сүйіспеншілігінің көрінісі. Рәміздерімізді қастерлеу арқылы біз Тәуелсіз Қазақстанның жетістіктерін бағалап, болашақ ұрпақтың бойына патриоттық рухты сіңіреміз.

Мемлекеттік рәміздер күні құтты болсын! Еліміздің бірлігі нығайып, Тәуелсіз Қазақстанымыздың тұғыры биік болсын!

Leave A Reply

Your email address will not be published.