«ӘУЛИЕАТА» АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ

89
🔰 Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков Әулиеата ауданының тұрғындарымен кездесті.
🔹 №67 орта мектепте өткен жиында әуелі аудан басшысы Барлық Төреханов атқарылған жұмыстар жөнінде баяндама жасады.
🔹 Бүгінде ауданда 5 аумақтық округ орналасқан. Жалпы халық саны 261 813 адамды құрайды. Мұнда 13 шағын аудан, 1 саяжай, 7 елді мекен, 1 231 көпқабатты тұрғын үй, 29 619 жеке тұрғын үй және 642 көше бар.
✅ Халықты сапалы әрі қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету бағытында ауқымды құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда тұрғын үй кезегінде 22 902 азамат тұр. Осыған байланысты 2026 жылы «Балауса» (14) шағын ауданында – 22, «Ұлы Дала» (15) шағын ауданында – 27, және «Шапағат» (16) шағын ауданында 30 көпқабатты тұрғын үй бой көтеруде. Сондай-ақ, қаланың сәулеттік келбетін жаңарту мақсатында биыл Абай даңғылы, Ы.Сүлейменов және Желтоқсан көшелерінің бойындағы 9 тұрғын үйдің қасбеті мен шатырын жаңарту жұмыстары қолға алынды.
✅ Жол инфрақұрылымын дамыту бағытында да маңызды жұмыстар атқарылуда. Ағымдағы жылы 15 жоба аясында 43 көшеге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Қазіргі таңда 6 жоба бойынша 5 көшеде құрылыс жұмыстары басталды. Сонымен қатар, 2025 жылы 18 жоба аясында 115 көше асфальтталып, 6 көшеге 6,59 шақырым тротуар салынды. «Ұлы Дала» шағын ауданындағы мектептерге апаратын 6,5 шақырымдық жаяу жүргінші жолдары да толық аяқталды.
✅ Ағымдағы жылы аудан бойынша 21 көше мен 206 ауланы жарықтандырылады. Жалпы ұзындығы 17,2 шақырым болатын бұл жобалар толығымен жүзеге асқан жағдайда аулалар 100 пайыз жарықпен қамтылатын болады. Мәселен, 2025 жылы ауданда 50 көше мен 228 аулаға жарық жүргізілді. Сонымен қатар, «Бектөбе», «Қызылшарық» және «Шайқорық» алаптарындағы электр желілерін жаңғырту бағытында да жұмыстар жүзеге асырылып жатыр. Бұл бойынша трансформаторлық қосалқы станциялар жөнделіп, жерасты электр кабельдері ауыстырылуда. Ал 2028-2029 жылдары ұлттық жоба аясында аталған алаптардың электр желілерін толық жаңғырту көзделіп отыр.
✅ Сонымен қатар ауыз сумен қамту, әлеуметтік қорғау, инфрақұрылымдарды жаңарту, мәдениет, білім, спорт салаларында да ауқымды жұмыстар атқарылды.
🔹 Бұдан кейін сұрақ-жауапқа кезек беріліп, тұрғындар тарапынан аулалаларды жарықтандыру, автобустардың бағыттарын ұзарту, жол белгілерін орнату, балабақша салу секілді әлеуметтік-тұрмыстық сипаттағы мәселелер көтерілді.
📌 Әрбір сауалға мұқият назар аударған Бақытжан Әмірбекұлы барлық мәселе арнайы әзірленген Жол картасы аясында жоспарға сай шешілетінін атап айтты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.