Жазасын өтеушілер көркем фильм тамашалады

39

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД-ға қарасты №67 мекемеде сотталған азаматтармен тәрбиелік бағыттағы мәдени іс-шара өткізілді. Іс-шара аясында қазақ кино өнерінің көрнекті туындысы – «Шал» көркем фильмі көрсетілді.
Аталған шараның негізгі мақсаты – сотталғандардың рухани-адамгершілік құндылықтарын нығайту, өмірге деген көзқарасын қайта қалыптастыру және ұлттық тәрбиеге баулу болып табылады. Фильм мазмұны арқылы қатысушылар адам өмірінің мәні, төзімділік, табиғатпен үйлесімділік және адамгершілік қасиеттер жайлы терең ой түюге мүмкіндік алды.
Көрсетілім барысында сотталған азаматтар фильмді қызығушылықпен тамашалап, аяқталған соң өзара пікір алмасу ұйымдастырылды. Талқылау кезінде олар фильм кейіпкерлерінің әрекеттеріне баға беріп, өмірлік сабақтар туралы ой бөлісті. Бұл олардың ой-өрісін кеңейтіп, дұрыс шешім қабылдау дағдыларын дамытуға ықпал етті.
Мекеме қызметкерлерінің айтуынша, осындай тәрбиелік мәні бар мәдени іс-шаралар сотталған азаматтардың мінез-құлқын түзетуге, қоғамға қайта бейімделуіне және құқық бұзушылықтың алдын алуға оң әсерін тигізеді.
Алдағы уақытта да мекемеде сотталғандармен тәрбиелік, мәдени және психологиялық бағыттағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасын табатын болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.