Таяу Шығыстағы соғысқа байланысты Қазақстан Иранмен жасалған барлық келісімді тоқтатты

58

Сенаттағы брифингте журналистер сыртқы істер вице-министрі Арман Исетовтен Таяу Шығыстағы соғыстың отандық бизнесмендерге әсерін сұрады. Ол көптеген бизнес жобалары қазір тоқтап тұрғанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Сыртқы істер вице-министрі Арман Исетовтың айтуынша, қазақстандық кәсіпкерлер күту режимінде. Дегенмен вице-министр нақты жобаларды атай алмады.

«Бізде астық жеткізілімдері болды. Азық-түлік өнімдерін өзара алмасу жобалары болды. Олар қазір тоқтап тұруы мүмкін», – деді Исетов.

Вице-министр инвестиция көлемі аз болғандықтан, соғыс салдарынан айтарлықтай шығындар болмағанын айтты.

«Иранмен жақсы серіктестік орнатқанымызды ескерсек, әрине, әсері бар, бірақ ол онша үлкен емес», – деп қорытындылады Исетов.

Leave A Reply

Your email address will not be published.