Аграрлық кооперация: жаңа мүмкіндіктер мен нақты қадамдар

49
Сенаттың Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінде «Шаруа қожалықтары мен ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін құқықтық тетіктерді дамыту перспективалары» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Screenshot
Іс-шара барысында аграрлық секторды жаңғырту, ұсақ шаруашылықтарды біріктіру, кооперацияны дамыту және заңнаманы жетілдіру мәселелері кеңінен талқыланды.
Бүгінде ауыл шаруашылығы өндірісінің басым бөлігін шағын және орта шаруашылықтар құрайды.
Алайда олардың бытыраңқы жұмыс істеуі, қаржылық мүмкіндіктерінің шектеулілігі және нарыққа тікелей шығудың қиындығы кооперацияны дамытуды өзекті мәселе ретінде алға шығарып отыр.
Соңғы жылдары кооперативтер саны артқанымен, олардың көпшілігі формалды түрде ғана жұмыс істейді. Бұл өз кезегінде құқықтық реттеудің жеткіліксіздігі мен ынталандыру тетіктерінің әлсіздігін көрсетеді.
🔹 Осыған байланысты:
– кооперативтердің құқықтық мәртебесін нақтылау;
– халықаралық тәжірибеге сай тиімді модель қалыптастыру;
– фермерлердің құқықтық қорғалуын күшейту;
– оқыту және консалтингтік қолдауды дамыту сияқты маңызды бағыттар айқындалды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.