Экологиялық акция жалғасып келеді

77

 

 

Қазақстан Республикасы бойынша жүзеге асырылып жатқан жалпыұлттық экологиялық бастама – «Таза Қазақстан» акциясы аясында өңірде кең көлемді абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары жүргізілуде.

Бүгін «Таза қала» акциясы шеңберінде облыста ауқымды сенбілік ұйымдастырылды.

«Таза қала» акциясы аясында қала аумағында жаппай сенбілікте көшелер, аулалар, саябақтар және қоғамдық орындар тазартылды. Тұрмыстық қалдықтар жиналып, арнайы полигондарға шығарылды.

Тараз қаласындағы Сәтпаев көшесі, №17, 19 үй маңына 250 түп тал егілді. Іс-шараға қала тұрғындары, ардагерлер, жастар өкілдері қатысты.

Тараз қаласында жасыл аймақтарды кеңейту мақсатында Қызылабад алқабында 10 мың түп қаратал көшеті отырғызылды. Жоспарға сәйкес бұл аумақта жалпы 20 мың түпке дейін ағаш егу көзделген.

«Таза Қазақстан» акциясы экологиялық акция аясында Қарасу-2 каналының бойы тазартылып, арық жүйелері мен су өткізу арналары қалпына келтірілді. Бұл жұмыстар су тасқынының алдын алу және санитарлық жағдайды жақсартуға бағытталған.

Осындай акциялар облыстың барлық аудандарында болып өтті.

Айта кету керек, экологиялық акция аясында бүгінгі күнге дейін 16,8 мың адам мен 850-ден астам кәсіпорын, мекеме қатысқанын атап өтті. Нәтижесінде 45,8 мың көшет отырғызылып, 1,5 мың шақырым көше жолдары мен 410 шақырым арық жүйелері және каналдар тазаланған. Сонымен қатар, 72,4 мың шаршы метр саябақтар мен скверлер абаттандырылып, 1,8 мың тонна қоқыс шығарылған.

Экологиялық мәдениетті қалыптастыру бағытында да оң нәтижелер бар. Тараз және Қаратау қалаларында жасыл желектерді цифрландыру жұмыстары жүргізіліп, арнайы ақпараттық платформа іске қосылған. Бұдан бөлек, телеграм-бот арқылы тұрғындардан 263 өтінім қабылданып, олардың басым бөлігі уақтылы қаралған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.