ОБЛЫСТЫҚ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

74
2025 жылғы 7 сәуірден бастап Исмаилова Айгерим Кошкарбековна Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «Облыстық психологиялық қолдау орталығы»директоры лауазымына тағайындалды.
Айгерим Кошкарбековна 1984 жылы 14 қарашада Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Жаңатас қаласында дүниеге келген.
2001-2005 жылдар аралығында Орта-Азиялық университетінде педагог-психолог мамандығы бойынша білім алған.
Еңбек жолын 2005–2006 жылдар аралығында Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласының білім бөлімінің №16 орта мектеп— педагог-психологы болып бастаған.
2006–2007 жылдар аралығында Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласының білім бөлімінің №11 орта мектебінің педагог-психологы;
2012–2014 жылдар аралығында Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласының білім бөлімінің №29 балабақша — тәрбиеші;
2014–2024 жылдар аралығында Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласының білім бөлімінің №43 орта мектебінің педагог-психологы;
2024-2025 жылдар аралығында Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «Облыстық психологиялық қолдау орталығы» — психологиялық жұмыс бөлімінің басшысы;
2025 ж. қыркүйек айынан – бүгінгі күнге дейін Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «Облыстық психологиялық қолдау орталығы» — директордың орынбасары және директордың уақытша міндеттерін атқарушы лауазымдарын атқарған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.