Қостанайда полицейді сабаған үш бұзақы еліміздің барлық тәртіп сақшыларынан жалбарынып кешірім сұрады

23

Қостанайда балаларымен кетіп бара жатқан полиция қызметкерін жабыла соққыға жыққан 3 күдікті ұсталып, олар Қазақстанның барлық тәртіп сақшыларынан кешірім сұрады.
28 наурызда 39 жастағы Руслан Қазиев қызметтен тыс уақытта кішкентай балаларымен жүргенде қоғамдық тәртіпті бұзған 3 ер адамға ескерту жасаған. Алайда олар бұған агрессиямен жауап беріп, сақшыны жабыла ұрып-тепкен. Алған бас-ми жарақаты салдарынан ол қазір полиция қызметкерлеріне арналған госпитальда стационарлық ем қабылдап жатыр.

Қостанай облысының полициясы барлық 3 күдіктіні құрықтау сәті мен олардың өкініш білдірген видеосын жариялады. «Мен осындай әрекетке барып, қателік жасағаным үшін барлық полиция қызметкерлерінен кешірім сұраймын, бұдан былай мұндайды қайталамаймын», – деді күдіктінің бірі.

«Зардап шеккен сақшының алдында кінәлімін және одан кешірім өтінемін», – деді екіншісі.

«Қазақстанның барлық полицейлерінен кешірім сұраймын, қатты өкінемін», – деді үшінші ер адам. Қазіргі уақытта іс билік өкіліне қатысты қорқыту немесе күш көрсету бабына ауыстырылып, ұсталғандар тергеу изоляторына қамалды. Олар бұл қылмысы үшін 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Politico.kz.

коллаж Politico.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.