Мемлекеттік қызметтің дамуы – елдің өркендеуінің кепілі

40

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы Копдикбаев Болат Исаханұлымен «Мемлекеттік қызметті дамытудың жаға бағыттары» тақырыбында сұхбаттасып отырмыз.

 — Құрметті Болат Исаханұлы! Баршамызға мәлім қазіргі таңда мемлекеттік қызмет саласында көптеген өзгерістер орын алуда. Осы ретте, мемлекеттік басқарудың біртұтас жүйесі ретінде мемлекеттік қызметті дамытудың белгілі бір жоспары бар ма?

  • Еліміздің Президенті Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметін дамытудың 2024 — 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекітті, қазіргі уақытта бұл құжат қолданысқа енгізілді.

Аталған тұжырымдамада мемлекеттік қызметті одан әрі кәсібилендіру міндеті қойылған, сондай-ақ мансаптық және позициялық модельдердің ең жақсы ерекшеліктерін біріктіре отырып, олардың бірегей кәсіби тәжірибесі мен әлеуетін, бәсекелестік тәсіл мен мамандарды тікелей іздеу тепе-теңдігін қамтамасыз етеді.

Бұл ретте қызметкерлерді оқу және тағылымдама бағдарламаларына белсенді қатысуға ынталандыру және көтермелеу жоспарлануда. Мемлекеттік қызмет жүйесі біліктілікті арттыру және дағдыларды дамыту үшін әртүрлі мүмкіндіктерді ұсына отырып, тұрақты кәсіби өсу тетіктерін ұсынады.

Мемлекеттік қызметшілердің жалақысы олардың кәсіби жетістіктері мен өзін-өзі дамытуға деген ұмтылысына тығыз байланысты болады.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депуттатары 2026 жылғы 18 наурызда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» заң жобасын бірінші оқылымда қарап, мақұлдады.

Құжат мемлекеттік қызмет моделін жаңғыртуға және мемлекеттік аппараттың тиімділігін арттыруға бағытталған.

  • Конкурстан тыс тағайындаулар ретінде Президенттің жастар кадр резерві, Өңірлік кадр резерві туралы түсіндіріңізші?

Тиімді, заманауи мемлекеттік қызмет пен басқару құрылымын қалыптастыру — мемлекеттік қызмет саясатының ерекше басымдықтарының бірі  болып табылады.

Мемлекет басшысының алғашқы жария бастамасы ретінде Президенттік Жастар кадрлық резервіне іріктеу жүргізу талантты жастар үшін пәрменді әлеуметтік лифтке айналды.

Осылайша, 2019 жылы елімізде алғаш рет Президенттік жастар кадрлық резервінің жобасы басталды, ол 2021, 2023 және 2025 жылдары өз жалғасын тауып отыр. Бүгінгі таңда іріктеуден өткен талантты жастар еліміздің игілігі үшін мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор ұйымдарында табысты еңбек етуде.

Бұл ретте, мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі дамыту үшін талантты, жас басқарушыларды өңірлік деңгейде іріктеу бастамасы қолға алынды.

Сондықтан, 2024 жылдың 1 наурызынан бастап өңірлік кадрлық резервке іріктеу жүргізілді (оның ішінде біздің өңірде де), оның құрамы 2024 жылдың тамызына дейін еліміздің әрбір өңірінің жас, талантты мамандарының арасынан конкурстық негізде іріктелді.

Қазіргі уақытта резервке іріктелген 26 резервшінің 18-і өз біліктілігіне сәйкес тиісті мемлекеттік лауазымдарға ие болды.

 — Жалпы бүгінгі таңда мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасына көп көңіл бөлінеді. Қазіргі таңда өңірімізде қанша мемлекеттік қызмет түрлері бар және 2025 жылы қанша мемлекеттік қызмет көрсетілді?

  • Мемлекеттік органдар мен ұйымдармен мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес барлығы 373 қызметтің түрі көрсетіледі, оның ішінде 197 орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелеріне (қарасты мекемелерге) тиесілі болса, 176 жергілікті атқарушы органдары және оларға қарасты мекемелермен көрсетілген.

2025 жылдың қорытындысына сәйкес өңірімізде жалпы 14 484 695 қызмет көрсетілсе, 2024 жылдың тиісті кезеңінде барлығы 14 126 970 қызмет келесі нысандар арқылы көрсетілген.

Мемлекеттік қызметтердің баламалы түрде қағаз нысанда 2025 жылдың қортындысы сәйкес – 262 592 (1,8%), қызмет көрсетілсе, 2024 жылы — 359 116  (2,5%) қызмет көрсетілген болатын.

Өткен жылмен салыстырғанда баламалы түрде қызмет көрсету саны 0,7%-ға кеміп отыр, яғни оң бағытта алдыға жылжу бар.

Электронды түрде – 14 196 617 (98,01%) қызмет көрсетілсе, 2024 жылы – 13 748 042 (97,3%) қызмет көрсетілген болатын. Өткен жылмен салыстырғанда электронды түрде  қызмет көрсету саны 0,1%-ға артып отыр.

2025 жылдың 12 айында қызмет берушілермен тікелей қағаз нысанда 25 486 (0,2%) қызмет көрсетілді.

 — Мемлекеттік қызметтің сапасын арттыру мақсатында 2025 жылдың қорытындысына сәйкес қандай бақылау түрлері және қанша бақылау шаралары өткізілді?

  • Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау көрсетілетін қызметті алушылардың өтініштері мен шағымдары негізінде тексеру, сондай-ақ, талдау, мониторинг нәтижелері және бақылаудың өзге де нысандары арқылы жүргізіледі.

2025 жылдың есепті кезеңінде Департаментпен барлығы 30 бақылау жұмыстары жүргізіліп, оның нәтижесінде жалпы 13 067 заң бұзушылық анықталды.

Сонымен қатар, Департамент тарапынан мемлекеттік органдардың әкімшілік рәсімдеріне мониторинг жүргізу және талдау жұмыстарын тұрақты түрде жүзеге асырылуда.

Атап айтқанда, қызмет көрсету мерзімдері мен бас тарту үшін негіздердің сақталуын мониторингтеу барысында мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау «Е-лицензиялау» ақпараттық жүйесі арқылы қашықтықтан жүргізіледі, бұл тиісті шараларды проактивті нысанда, яғни көрсетілетін қызметті алушылар тарапынан шағымдарды күтпей қабылдауға мүмкіндік береді.

Мониторинг қорытындысы сәйкес 5 845 дерегі бұзушылық анықталып, Департамент тарапынан мемлекеттік органдарға ұсынымдар жолданылып 136 қызметші әртүрлі тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Аталған іс-шаралардың нәтижелері бойынша бұзушылықтарды жою туралы 238 ұсыныс берілді.

  • Жалпы мемлекеттік қызметтердің сапасына, бұзылған мерзімдеріне қызмет алушылар арыз-шағымдарды арқылы Сіздердің Департаменттеріңізге жүгінуге болатындығын білеміз, өткен жылы арыз-шағымдар көп болды ма?
  • 2025 жылдың 12 айында мемлекеттік қызметтерді көрсету саласында азаматтардан мемлекеттік органдардың іс-әрекетеріне 199 жолданым келіп түсті.

Департаментпен қаралған жолданымдардың басым көпшілігі жер және сәулет қала құрылысы салаларына қатысты.

Мәселен, «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу», «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» және «Республикалық маңызы бар қала, астана, облыстық және аудандық маңызы бар қалалар шегінде жер учаскесіне құқықтар алу» мемлекеттік қызметтері бойынша.

  • Осы, мемлекеттік қызметтің сапасын арттыру мақсатында өткізілген бақылау шараларындағы басты мақсаттары қандай?

Қазіргі уақытта көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушылардың құқықтарын қорғауға және қалпына келтіруге баса назар аударылғанын атап өткім келеді.

2025 жылдың қорытындысы бойынша жалпы 731 қызмет алушылардың құқықтары қалпына келтірілді.

Ақпарат үшін:

— Осылайша жоспарлы тексеру барысында 145 қызмет алушының құқықтары қалпына келтірілді;

— Сондай-ақ, жоспардан тыс тексеру жүргізу барысында 19 көрсетілетін қызметті алушының құқықтары қалпына келтірілді

— Сұрау салу арқылы 19;

— Қашықтықтан бақылау арқылы  547;

— «EgovKzBot2.0»телегарам бот арқылы 1 азаматтың құқықтары қалпына келтірілді.

Телеарна көрермендердің назарына сала кетейін, Сіздердің мемлекеттік қызмет көрсетуден негізсіз бас тартылған және заңды құқықтарыңыз бұзылған жағдайда, Депатаментке Тараз қаласы, Рысбек батыр бұрылысы, 8 «А» мекенжайы немесе «08.Onay.qyzmet» Телеграм-каналы арқылы хабарласа аласыз, сондай-ақ шағымды «E-otinish» азаматтардың барлық өтініштерін қабылдау мен өңдеудің бірыңғай платформасы арқылы да беруге болады.

  • Департаменттің мемлекеттік қызмет саласындағы заңнама талаптарының сақталуына қатысты бақылау жұмыстарын жүргізетіндігі баршаға мәлім.

2025 жылдың қорытындысы бойынша жүргізілген бақылау шаралары туралы және бақылау жұмыстарының нәтижесінде мемлекеттік қызметшілердің қалпына келтірілген құқықтары туралы айтып өтсеңіз?

  • «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңына сәйкес мемлекеттік қызмет мемлекеттiк қызметшiлердiң құқықтық және әлеуметтiк қорғалуы қағидаттарына негізделеді.

Мемлекеттік қызметшілердің еңбекті, денсаулықты қорғауға, қауіпсіз және тиімді жұмыс істеу үшін қажетті еңбек жағдайларына, сондай-ақ әлеуметтік және құқықтық қорғалуға құқығы бар.

Осы ретте, Департамент тарапынан аталған бағытта 44 тексеру жүргізіліп, 471 фактісі анықталып, бұзушылықтарды жою туралы 24 ұсыну енгізілді.

Департаментпен қабылданған бақылау шараларының нәтижесінде облыс бойынша 61 азаматтардың (56-мемлекеттік қызметшілер, 5-жеке тұлғалар) құқықтары қорғалды. 18 мемлекеттік қызметші түрлі тәртіптік жазаларға тартылды.

Сонымен қатар, Департаментпен жүргізілген тақырыптық талдау қорытындылары бойынша қабылданған шаралардың нәтижесінде 213 мемлекеттік қызметшіге жалпы сомасы 372 233 теңгені құрайтын тиісті өсімпұл сомалары төленді (іссапар және еңбек демалысының шығындары кешіктіріліп төленгені үшін).

Сондай-ақ, жолданымдарды қарау нәтижелері бойынша жүгінген                       7 азаматтың (4-мемлекеттік қызметші, 3-жеке тұлға) бұзылған құқықтары қалпына келтіріліп, 12 қызметші түрлі тәртіптік жазаға тартылды.

 — Мемлекеттік органдардың тарапынан мемлекеттік қызметшілерді негізсіз үстеме жұмыстарға тарту фактілері де кездесіп тұрады. Осындай жағдайлар анықталған жағдайда Департамент тарапынан қандай шаралар қабылданады?

  • Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында үстеме жұмысқа тартылған мемлекеттік қызметшілерге тынығу сағаттарын ұсыну мүмкіндігі қарастылырған.

Департаментпен жұмыс уақыты режимін сақтау бағытында жүйелі түрде жұмыстар атқарылып отырады.

Аталған жұмыстар мемлекеттік органдарға бару арқылы, сондай-ақ жұмыс уақыты режимінің сақталуы бойынша қашықтықтан мониторинг арқылы жүргізіледі.

Мәселен, 2025 жылы мемлекеттік органдарға бару арқылы мониторинг жүргізудің нәтижесінде мемлекеттік органдардың тарапынан мемлекеттік қызметшілерді негізсіз үстеме жұмыстарына тарту деректері анықталып, Департаменттің ықпал етуінің нәтижесінде 15 қызметшіге жалпы 22 сағаттан астам демалыс уақыттары берілді.

Ал, жұмыс уақыты режимінің сақталуына қашықтықтан «Е-қызмет» ақпараттық жүйесі арқылы мониторинг жүргізу нәтижесінде 247 мемлекеттік қызметшіге 357 сағаттан астам қосымша демалыс уақыттары беріліп, олардың бұзылған құқықтары қалпына келтірілді.

 — Бәрімізге белгілі 2025 жылдың қыркүйек айынан бастап Агенттікке сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жүзеге асыру бойынша функциялар берілген. Осы ретте  нақты қандай негізгі міндеттер мен бағыттар жүктелді?

Мемлекет Басшысының 2025 жылғы 30 маусымдағы №927 Жарлығымен ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты қалыптастыру мен іске асыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы үйлестіру, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды барынша азайту жөніндегі функциялары мен өкілеттіктері берілген.

Аталған өкілеттіліктерді өңірде іске асыру аясында бірқатар бағыттар бойынша жұмыстар бастама алды.

 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің тиімді тәсілі қандай және осы бағытта Сіздердің тараптарыңыздан қандай жұмыстар жүзеге асырылуда?

Сыбайлас жемқорлық – мемлекеттің әлеуметтік, экономикалық және рухани дамуын тежейтін қауіпті құбылыс. Сондықтан елімізде бұл мәселеге қарсы жүйелі түрде күрес жүргізіліп келеді. Мемлекет қабылдайтын шаралар тек құқық бұзушылықтарды анықтаумен шектелмей, олардың алдын алу және түпкілікті жоюға бағытталған.

Тиімді күрес оның себептері мен туындауына ықпал ететін жағдайларды жоюдан басталады. Осыған орай, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басты мақсаты – құқық бұзушылықтардың алдын алу шараларын жүйелі түрде жүзеге асыру болып табылады.

2025 жылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, құқықтық сауаттылықты арттыру және жемқорлыққа төзбеушілікті нығайту мақсатында 14 300-ден астам азаматты қамтыған 202 іс-шара өткізілді.

«Жазалау оңай, тәрбиелеу қиын» қағидаты бойынша, Агенттік бастамасымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы құндылықтар тұлғаның дамуының барлық кезеңінде енгізілуде. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, түсіндіру жұмыстарының деңгейі мен сапасын қамтамасыз етумен ұштасады.

Сонымен қатар, Агенттік сыбайлас жемқорлыққа қарсы сыртқы талдау және мониторинг жұмыстарын жүйелі түрде жүргізуде. Бұл іс-шаралар мемлекеттік органдар мен салалардағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтауға және төмендетуге мүмкіндік береді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – бұл тек мемлекеттік деңгейдегі міндет емес, әрбір азаматтың жауапкершілігі. Тек ортақ күш-жігеріміз арқылы ғана жемқорлықсыз орта қалыптастыра аламыз.

Әрине, қоғамда сыбайлас жемқор¬лыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру – ұзақ¬мерзімді талап ететін міндет. Оған жан-жақты, кешенді көзқараспен қарап, ағарту жұмыстары, мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығы, сондай-ақ әр адамның бұл күреске белсенді араласуы сынды қағидаттар ауадай қажет.

Соның бірі – сыбайлас жемқорлыққа қоғамда төзбеушілікті арттыру. Бұл мемлекет, азаматтық қоғам мен медиа өкіл¬дерінің бірлескен күш-жігерін талап ететін кешенді үдеріс. Ең алдымен, сыбайлас жемқорлық әрекеттері үшін жазаның бұлтартпастығын қамтамасыз ететін берік құқықтық және институционалдық негіз қалыптастыру маңызды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.