
Атап айтсақ, «Қобыз» номинациясы бойынша кіші топ Ануарбек Томирис 3 — орын, орта топ Мектепберген Айбарша 1 — орын, Рыскелді Ақбаян 2 — орын, Медет Рабиябегім 3 — орын, Домбыра номинациясы бойынша орта топ Нарбай Мансұр 1- орын иеленіп, топ жарды. Сонымен қатар, аталмыш сайысқа қатысқан Саудакент саз мектебінің өнерпаздары да «Оркестр» номинациясы бойынша 2 — ші орынды жеңіп алды. Бәсі биік байқауда бас жүлдені иеленген Жаңатас қалалық балалар өнер мектебінің директоры Нұрлан Байділдаевтың шәкірттері ұстаздың еңбегін ақтап, жеңісті жорықты жалғастыруда. Сондай-ақ, Саудакент саз мектебі де талай жүлделі жарыстарда үздіктер қатарынан көрініп келеді. Ендеше, ауданымыздың мақтаныштарының алар асуы алда болсын дейміз.