Туберкулезге қарсы күрес жайлы түсіндірме жұмыстары жүргізілді

40

Әр жыл сайын 24 ақпан-24 наурыз аралығында туберкулезге қарсы күрес айлығы өтеді. Осы аралықта ел бойынша халықтың туберкулез туралы білімін арттыруға және денсаулығын нығайтуға бағытталған ақпараттық науқандар, дәрістер және басқа да іс-шаралар өткізіледі.

Аталған айлық аясында Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №25 мекемеде жазасын өтеп жатқан азаматтарға түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Дерттен сақтану және онымен күрес жайлы толыққанды ақпаратты мекеменің фтизиатр дәрігері Жақсылық Әмреев жеткізді.

Туберкулез – қауіпті жұқпалы аурулардың бірі. Уақтылы медициналық көмекке жүгіну, вакцинациялау және салауатты өмір салтын ұстану оның таралу қаупін едәуір төмендетуге көмектеседі. Ауа барлық адамға ортақ болғандықтан, туберкулез бактериясын жұқтырудан ешкім қорғалмаған. Туберкулезбен ауыратын адаммен жақын қарым-қатынас жиi әрi ұзақ болса, түрлi себептермен ағзаның қорғаныш күшi әлсірегенде туберкулез таяқшалары белсендiлiк танытып, аталмыш аурудың өршуіне себепшi болады.
Бүгiнде ауру ерте анықталып, емдеу шаралары уақытылы жасалған жағдайда туберкулезден толық сауығып шығу мүмкіндігі дәлелденген.

Leave A Reply

Your email address will not be published.