Жаңа Ата Заң жобасы орталық мамандарымен талқыланды

32
Бүгін өңірлік коалиция мүшелері “Nº5 арнаулы мемлекеттік қызметтерді ұсыну орталығы” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұжымымен кездесті.
▶️ Жиында коалиция мүшесі Анар Бексұлтанова мен архив саласының ардагері Сатыбалды Досымбеков конституциялық реформаның ел болашағы үшін тарихи маңызы бар екенін айтты.
▶️ Сонымен қатар, басқосуда жаңа Конституция жобасы қоғамдағы заманауи талаптарды ескере отырып әзірленген, мемлекеттің алдағы даму бағытын айқындайтын стратегиялық құжат екені және аталған өзгерістер мемлекеттілікті нығайтуға және елдің тұрақты өсуіне берік құқықтық негіз қалауға бағытталғаны түсіндірілді.
▶️ Өз кезегінде орталық мамандары алдағы референдумда белсенділік танытып, жаңа Ата Заң жобасын қолдайтынын жеткізді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.