«Қордай ауданы – Жаңарған Конституцияға сенім білдіреді»
Бүгін аудандық коалиция мүшелерінің жетекшісі ретінде аудандық мәдениет үйінде өткен арнайы концерттік іс-шараға қатыстым. Аталған жиын ел дамуының маңызды кезеңі – Конституциялық реформаны қолдауға бағытталды.

Іс-шара барысында аудан тұрғындарымен жүздесіп, алдағы референдумның маңыздылығына тоқталдым. Конституциялық өзгерістер – мемлекетіміздің одан әрі демократиялық даму жолындағы маңызды қадам. Бұл – заң үстемдігін нығайтып, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейтуге бағытталған тарихи мүмкіндік.

Қордай ауданы әрдайым елдік бастамаларды қолдап, қоғамдық келісім мен тұрақтылықты басты құндылық ретінде ұстанып келеді. Осы орайда барша аудан тұрғындарын референдумға белсенді қатысып, өз азаматтық ұстанымдарын білдіруге шақырамын.
Бірлігіміз бекем, болашағымыз жарқын болсын!