САПАЛЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ МЕМЛЕКЕТТІК АППАРАТТЫҢ БАСТЫ ҚАҒИДАТТАРЫНЫҢ БІРІ!

57

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқаруды дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасында тиімді, әділ, ашық, қоғамның сұраныстарына жедел ден қоятын, «халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидаты бойынша жұмыс істейтін мемлекеттік аппаратты қалыптастыру міндеті қойылған.

Қоғам мен мемлекет арасындағы өзара қарым-қатынас көпшілік жағдайларда мемлекеттік қызметтерді тұтыну барысында орын алады.

Мемлекеттік қызмет көрсетудің қоғам өмірінің барлық салаларын  қамтитыны белгілі, соның ішінде азамат дүниеге келген кезден бастап барлық өмір сүру кезеңінде мемлекеттік қызметтерді алу барысында мемлекетпен тығыз байланыста болады.

Осы ретте, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау,  қызмет алушылардың бұзылған құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау және қалпына келтіру Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі және оның аумақтық департаменттерімен жүзеге асырылады сіздерге мәлім.

Өз кезегінде, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттіктің Жамбыл облысы бойынша департаменті облыс көлемінде мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау, халыққа сапалы қызмет көрсету, оған қолайлы жағдайлар жасау және қызмет көрсету рәсімдерін жетілдіру және қызмет алушылардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру бағыттарында жүйелі жұмыстарды атқаруда.

Жамбыл облысында мемлекеттік қызметтер 21 орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерімен, 11 облыстық басқармаларымен, сондай-ақ Тараз қаласы мен облыстың 10 ауданының жергілікті атқарушы органдарымен, мемлекеттік ұйымдармен көрсетіледі.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес мемлекеттік органдармен барлығы 373 қызметтің түрі көрсетіледі, оның ішінде 197  орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелеріне тиесілі болса, 176 жергілікті атқарушы органдарымен көрсетілген.

Мемлекеттік органдармен 2025 жылдың қорытындысына сәйкес өңірімізде жалпы 14 484 695 қызмет көрсетілсе, 2024 жылдың тиісті кезеңінде барлығы 14 126 970 қызмет келесі нысандар арқылы көрсетілген.

Жалпы осы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің баламалы түрде қағаз нысанда 2025 жылдың қортындысы сәйкес – 262 592 (1,8%), қызмет көрсетілсе, 2024 жылы — 359 116  (2,5%) қызмет көрсетілген болатын. Өткен жылмен салыстырғанда баламалы түрде қызмет көрсету саны 0,7%-ға кеміп отыр, яғни оң бағытта алдыға жылжу бар.

Электронды түрде – 14 196 617 (98,01%) қызмет көрсетілсе, 2024 жылы – 13 748 042 (97,3%) қызмет көрсетілген болатын. Өткен жылмен салыстырғанда электронды түрде  қызмет көрсету саны 0,1%-ға артып отыр.

2025 жылдың 12 айында қызмет берушілермен тікелей қағаз нысанда 25 486 (0,2%) қызмет көрсетілді.

 

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау көрсетілетін қызметті алушылардың өтініштері мен шағымдары негізінде тексеру, сондай-ақ, талдау, мониторинг нәтижелері және бақылаудың өзге де нысандары арқылы жүргізіледі.

2025 жылдың есепті кезеңінде Департаментпен барлығы 30 бақылау жұмыстары жүргізілді, оның ішінде жоспарлы тексеру — 14. Жоспардан тыс 16 тексеру жүргізілді. Тексеру жұмыстарының нәтижесінде жалпы 13067 заң бұзушылық анықталды.

Сонымен қатар, Департамент тарапынан мемлекеттік органдардың әкімшілік рәсімдеріне мониторинг жүргізу және талдау жұмыстарын тұрақты түрде жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, қызмет көрсету мерзімдері мен бас тарту үшін негіздердің сақталуын мониторингтеу барысында мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау «Е-лицензиялау» ақпараттық жүйесі арқылы қашықтықтан жүргізіледі, бұл тиісті шараларды проактивті нысанда, яғни көрсетілетін қызметті алушылар тарапынан шағымдарды күтпей қабылдауға мүмкіндік береді.

Мониторинг қорытындысы сәйкес 5845 дерегі бұзушылық анықталып, Департамент тарапынан мемлекеттік органдарға ұсынымдар жолданылып 136 қызметші әртүрлі тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Аталған іс-шаралардың нәтижелері бойынша бұзушылықтарды жою туралы 238 ұсыныс берілді.

Сонымен қатар, Департаментпен 2025 жылдың өткен кезеңінде рұқсат беру құжаттарының мерзімін бұзғаны және мелмекеттік қызмет көрсету тәртібін бұзғаны үшін 11 лауазымды тұлғаларға әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы 20 хаттама толтырылды (ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 465-бабының 1-тармағы-4, 2-тармағы-13, 3-тармағы-3 ).

Әкімшілік істер қысқартылған іс-жүргізу тәртібінде қаралып, сомасы 1 218 920 тг. көлемінде айыппұл салынып, бюджетке толық өндірілді.

Әкімшілік хаттамалар қызмет көрсетуші органдардың бірінші басшыларына қолданылды.

(2024 жылы рұқсат беру құжаттарының мерзімін бұзғаны үшін 16 лауазымды тұлғаларға әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы 20 хаттама толтырылып, 904 540 тг. көлемінде айыппұл салынып, бюджетке толық өндірілді).

Сондай-ақ, ақпараттық жұмыстар тұрақты түрде жүргізіліп тұратындығы белгілі. Осылайша Департаментпен 2025 жылы мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі туралы қызметті алушыларды ақпараттандыру деңгейін көтеру бойынша жергілікті атқарушы органдармен 92 iс-шара өткізілді, оның ішінде «Елге қызмет» бағдарламасы-15 түсірілім, «Ең алдымен адамдар» 10-курс (қамтылған-277 адам), бейнероликтер – 2 (Департаменттің әлеум.желісі), «Айтарым бар» радио бағдарлама-3, қоғамдық бақылау-10, семинар-53.

2025 жылдың есепті кезеңінде ведомствоаралық жұмыс тобының 4 отырысы өткізілді. Қызмет көрсетуші жергілікті атқарушы органдарға мемлекеттік қызметтерді көрсетудің сапасын арттыру, қызмет алушыларға қолайлы жағдайлар жасау, қызмет алу тәртібін ақпараттандыру жұмыстарын жандандыру бойынша 28 ұсыныс енгізілді (толық орындалды).

2025 жылдың өткен кезеңінде Департаменттің бастамасымен жергілікті деңгейдегі Қоғамдық кеңестердің 23 отырысында (Облыстық-1, Мойынқұм-2, Байзақ-4,  Жуалы-4, Шу-3, Меркі-4, Талас-2, Тараз қ.-3) мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы мәселелер қаралды. Нәтижесінде құзырлы органдарға орындау үшін 115 ұсыныс енгізілді (толық орындалды).

Қазіргі уақытта көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушылардың құқықтарын қорғауға және қалпына келтіруге баса назар аударылғанын атап өткім келеді.

2025 жылдың қорытындысы бойынша жалпы 731 қызмет алушылардың құқықтары қалпына келтірілді.

Оның ішінде:

— Осылайша жоспарлы тексеру барысында 145 қызмет алушының құқықтары қалпына келтірілді;

— Сондай-ақ, жоспардан тыс тексеру жүргізу барысында 19 көрсетілетін қызметті алушының құқықтары қалпына келтірілді

— Сұрау салу арқылы 19;

— Қашықтықтан бақылау арқылы  547;

— «EgovKzBot2.0»телегарам бот арқылы 1 азаматтың құқықтары қалпына келтірілді.

Анықталған бұзушылықтар бойынша тиісті органдарға ұсыныстар енгізілді.

Естеріңізге сала кетейік, мемлекеттік қызмет көрсетуден негізсіз бас тартылған және заңды құқықтарыңыз бұзылған жағдайда, Сіз ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментіне Тараз қаласы, Рысбек батыр бұрылысы, 8 «А» мекенжайы немесе 8 (7262) 43-88-08 нөмірі бойынша, сондай-ақ «08.Onay.qyzmet» Телеграм-каналы арқылы хабарласа аласыз.

Өтінішті «E-otinish» азаматтарының барлық өтініштерін қабылдау мен өңдеудің бірыңғай платформасы арқылы да беруге болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.