МАҢЫЗДЫ БАСҚОСУ

45
Мойынқұм ауданының әкімі Е.Кәрентаевтың төрағалығымен Аудандық электр желілері бөлімінің ұжымымен кездесу өтті.
Кездесудің негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасын түсіндіру, оның маңыздылығы мен қоғам үшін стратегиялық мәнін кеңінен насихаттау болды.
Жиын барысында аудан әкімі Конституция жобасында қарастырылған негізгі өзгерістер мен толықтыруларға тоқталып, олардың елдің саяси жүйесін жаңғыртуға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейтуге бағытталғанын атап өтті. Сондай-ақ, заң үстемдігін қамтамасыз ету, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру және халықтың шешім қабылдау үдерістеріне қатысу мүмкіндіктерін кеңейту мәселелері кеңінен түсіндірілді.
Аудан әкімі Конституциялық реформалардың ел болашағы үшін маңыздылығын атап өтіп, әрбір азаматтың белсенді азаматтық ұстанымы ерекше рөл атқаратынын жеткізді.
Жиын қорытындысында ұжым мүшелері жаңа Конституция жобасының мазмұнына қатысты өз ойларын білдіріп, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының маңыздылығын қолдады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.