ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯНЫҢ МӘНІ ТЕРЕҢДЕ

54
Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі Сәкен Мамытовтың төрағалығымен ҚР жаңа Конституция жобасын түсіндіру жиыны өтті. Кездесуге аудандық ардагерлер кеңесінің мүшелері, зиялы қауым өкілдері мен мекеме, бөлім басшылары қатысты.
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша «Конституция жобасы туралы» аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы Ұлбике Сәлімова аудандық ақпараттық түсіндіру жұмысшы тобының міндеттері жайлы баяндады.
Маңызды бастаманы жүзеге асыру мақсатында аудан әкімдігінің жанынан 40 адамнан тұратын 4 арнайы топ құрылды. Аталған топтар бекітілген желілік кестеге сәйкес ақпан айында еңбек ұжымдары, мекеме-кәсіпорындар және білім беру ұйымдарында 20 кездесу өткізетін болады. Әрбір кездесу – азаматтардың жаңа Конституцияның мәнін терең түсінуіне, заңның қоғамдық маңыздылығын сезінуіне арналған маңызды шара.
Аудан басшысы Сәкен Үмбетұлы өз сөзінде: — Жаңа Конституция – әділетке, заңдылыққа, халық мүддесіне және болашаққа бағытталған негізгі заң. Ол – елдік мүдде мен халықтық таңдаудың тоғысқан тұсы, мемлекеттің келешек келбетін айқындайтын тарихи белес. «Елдің ертеңі – әрбір азаматтың қолында», — деп жиынға қатысушыларды белсенді болуға шақырды.
Сарысу ауданы

Leave A Reply

Your email address will not be published.