Конституциялық реформалар туралы кездесу

72
Сарысу ауданы  Ақтоғай ауылында аудан әкімінің орынбасары Ж.Сақыпбековтың төрағалығымен Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасы аясында конституциялық реформаны түсіндіру мақсатында ауыл тұрғындарымен маңызды кездесу ұйымдастырылды.
Кездесуге Жамбыл облысынан арнайы келген облыстық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері қатысты. Атап айтқанда, Жамбыл облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Миллионов Жаңабай және Тараз қаласы білім бөлімінің Шерхан Мұртаза атындағы мектеп-гимназиясының директоры Есеева Рахия Райқұлқызы сөз сөйлеп, реформаның негізгі бағыттарына тоқталды.
Жиын барысында конституциялық өзгерістердің мәні мен маңызы түсіндіріліп, ауыл тұрғындары тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауаптар берілді. Сұрақ-жауап бөлімінде тұрғындар өз пікірлері мен ұсыныстарын ортаға салды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.