Аймақ басшысы Берік Уәли Абай ауданындағы құрылысы көп жылдан бері аяқталмай, созылып келе жатқан әлеуметтік нысандарға арнайы барды.


«Мұндағы құрылыс жұмыстарын оқушылардың жазғы демалысына дейін аяқтауымыз керек. Сондықтан жұмысты жандандыру қажет», — деді облыс әкімі.


«Абай ауданындағы «сақалды құрылыстарды», яғни, құрылысы ұзаққа созылып кеткен нысандар, балалар лагері мен спорт модулінің құрылысын өз көзіммен көрейін деп арнайы келіп отырмын. Мердігер мекемелердің нысандарды уақытында қолданысқа беруін бақылауда ұстайтын боламыз», — деді аймақ басшысы.