Бүгін тарихи Тараз төрінде «Ахыска» түрік этномәдени бірлестігінің ұйымдастыруымен Достық үйінде «Атадан қалған асыл мұра» атты өнер және этнографиялық бағыттағы бірегей жеке коллекциялар көрмесі өтті. Ұлттың терең тарихы мен бай мәдениетін паш еткен тағылымды шара көрерменге рухани әсер сыйлады.

Ауқымды шараға Әулиеата өңірінде тұратын түрік этносының өкілдері қатысып, төл мәдениетін кеңінен танытты. Сондай-ақ жиынға облыстық этномәдени бірлестіктердің төрағалары мен мүшелері, Қазақстан халқы Ассамблеясының Аналар кеңесі мен Ақсақалдар кеңесінің өкілдері мен белсенді жастар қатысты.