Бір күн-бір дәуір

37

«Тарих пен тағдыр тұлғасы»  Бір күн-бір дәуір.Уақыт капсуласы форматындағы тағылымды кеш өтті.

Қазақ әдебиетінің заңғар жазушысы, тарихи роман жанрын биікке көтерген Қабдеш Жұмаділовтің  90  жылдығына орай  Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасының ұйымдастыруымен Сағадат Нұрмағанбетов атындағы №10 мектеп оқушыларының қатысуымен кеш өтті.

Шараның мақсаты – қаламгер мұрасын насихаттау, жас ұрпақтың әдебиетке қызығушылығын арттыру және ұлттық тарихи сананы жаңғырту. Бағдарламада ерекше дәстүрлі емес кітап көрмесі, жазушы нақыл сөздері, мазмұнды бейнеролик ұсынылды.

Әсіресе Қ.Жұмаділовтің «Дарабоз» романы кеңінен таныстырылып, Қабанбай батырдың асқақ бейнесі арқылы елдік рух дәріптелді. Оқушылар әдеби талдау жасап, сұрақ-жауап бөлімінде белсенділік танытты.

Кеш соңында жазушы мұрасы – ұлт руханиятының асыл қазынасы екені ерекше аталып, бұл шара жас ұрпақтың рухани әлемін байытқан әсерлі кездесу ретінде есте қалды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.