Ұлттық ұланның сарбазы полигонда жарақат алды

45
Ұлттық ұланның сарбазы полигонда жарақат алды
дереккөзден
Ұлттық ұланның сарбазы полигонда жарақат алды: 13 қаңтар 2026, жаңалықтар Turkystan.kz

2026 жылғы 13 қаңтар күні сағат 15:05 шамасында жауынгерлік даярлық жоспары аясында 5571 әскери бөлімінің әскери қызметшілерімен оқу полигонында оқу атыстары өткізілді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл туралы Ұлттық ұланы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі жазды. 2–2025 шақырылымындағы мерзімді әскери қызметші қатардағы Г. қауіпсіздік талаптарының бұзылуы салдарынан АК-74 атыс қаруымен өзін-өзі жарақаттап алды. Оқ оның сол жақ аяғының балтырын жанап өткен.

Оқиға орнында оған қажетті медициналық көмек көрсетіліп, кейін шұғыл түрде Қонаев қалалық ауруханасына жеткізілді. Әскери қызметшінің жағдайы қанағаттанарлық, өмірлік маңызды ағзалары зақымданбаған.

Оқиғаның себептері мен мән-жайлары анықталуда. Аталған дерек бойынша қызметтік тексеру жүргізіліп жатыр.

Leave A Reply

Your email address will not be published.