Жаңа жыл түнінде полицияға үш мың қоңырау түскен

60
Жаңа жыл түнінде полицияға үш мың қоңырау түскен
polisia.kz
Жаңа жыл түнінде полицияға үш мың қоңырау түскен: 2 қаңтар 2026, жаңалықтар Turkystan.kz

Жаңа жыл мерекесін атап өту кезеңінде ішкі істер органдарының қызметкерлері қоғамдық қауіпсіздік пен азаматтардың тыныштығын қамтамасыз ету мақсатында күшейтілген режимде қызмет атқарды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Жалпы алғанда, Жаңа жыл түні елеулі оқиғаларсыз өтті – көшелерде және қоғамдық орындарда ауыр және аса ауыр қылмыстар тіркелген жоқ.

31 желтоқсан таңынан 1 қаңтар таңына дейін полицияның 102 жедел шақыру пультіне 11 448 өтініш келіп түсті, оның ішінде 3 082-сі түнгі уақытта тіркелген.

Қоңыраулардың басым бөлігі анықтамалық сипатта болды. Азаматтар петардаларды пайдалану мәселелері бойынша хабарласып, мұз айдындары мен жаңа жылдық шыршалардың орналасқан жерін нақтылады, сырғанақтарда адасып кеткендер туралы, сондай-ақ қалдырылған көліктер мен жолдан шыға алмау сияқты қиындықтар жөнінде хабарлаған.

Түскен барлық өтініштерге полиция қызметкерлері уақтылы әрекет етіп, қолданыстағы заңнама аясында қажетті шаралар қабылдады.

Қабылданған шаралар мен полицияның үйлесімді жұмысының арқасында мерекелік іс-шаралар ұйымдасқан түрде өтті. Көшелер мен қоғамдық орындарда заң мен тәртіп толық көлемде қамтамасыз етілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.