Жастардың кәсіби шеберлігін арттыру, азаматтық жауапкершілігін нығайту және қоғамдық белсенділігін қолдау мақсатында Тараз қаласы әкімінің жастар сыйлығы табысталды.
Салтанатты шара барысында әр салада адал еңбек етіп, өз ісімен өзгеге үлгі болып жүрген жас мамандар марапатталды. Олардың қатарында құқық қорғау органдарының қызметкерлері, медицина және әлеуметтік сала мамандары, «Жасыл ел» жасақтары, өндіріс пен коммуналдық қызмет саласының өкілдері, қоғамдық көлік жүргізушілері, волонтерлер мен жастар саясатын жүзеге асыруға белсенді үлес қосып жүрген жас көшбасшылар бар.
Бұл бастама – жастардың кәсіби дамуын қолдауға, патриоттық рухты нығайтуға, қоғамға қызмет ету мәдениетін қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам.