
Аида Балаева ақпарат саласы бойынша жылды қорытындылады: 30 желтоқсан 2025, жаңалықтар Turkystan.kz
Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева ақпарат саласы бойынша жылды қорытындылады, деп хабарлайды turkystan.kz.
«2025 жыл Қазақстан медиа саласы үшін шын мәнінде айтулы кезең болды. Себебі жүйелі реформалар жүзеге асып, кәсіби стандарттар нығайды. Мемлекеттік бастамалар, серіктестік жобалар, салалық маңызды зор іс-шаралар бұқаралық ақпарат құралдарын қолдауға және ақпараттық контенттің сапасы арттыруға бағытталған тұрақты бағдарымызды айқындады», – дейді министр.
Министрдің мәліметінше, қазіргі кезде елімізде 5 мыңнан астам БАҚ тіркелген, олардың 306-ы – шетелдік БАҚ. Тек 2025 жылдың өзінде 515 жаңа медиа іске қосылды.
«Бұл дерек салаға деген қызығушылықтың жоғары екенін және медиа нарықтың белсенді түрде дамып келе жатқанын көрсетеді. Ақпарат саласындағы заңнаманы жетілдіру – мемлекет саясатының басым бағыттарының бірі болып қала береді. Биыл отандық баспа басылымдарының қолдауға ерекше назар аударылды. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес жаңа Салық кодексінде отандық мерзімді баспа басылымдарына қосылған құн салығының 10 пайыздық төмендетілген мөлшерлемесі енгізілді. Медиакеңістіктің қарқынды дамуын ескере отырып, онлайн платформалар мен БАҚ-қа қатысты, сондай-ақ әкімшілік заңнамаға өзгеріс енгізу көздейтін заң жобалары әзірленді. Бұл жұмыс ақпарат саласындағы құқыққа қайшы контенттің таралуын азайтуға бағытталған. Онлайн платформалар әкімшіліктер мен әлеуметтік желілердегі анонимді пайдаланушылардың жауапкершілігі күшейтіледі. Сонымен қатар балаларды онлайн платформаға таратылатын диструктивті контенттен қорғау шаралары енгізу ұсынылады», – дейді Министр.
Аида Балаева алғаш рет аудиовизуалды платформаның қызметі заңнамалық тұрғыда реттеліп, ҚР ауамғында қызметін жүзеге асыру үшін тиісті лицензи алу міндеті белгіленгенін ерекше атап өтті.
«Цифрлық, эфирлік, телерадио хабарларын тарату аясын кеңейту жұмысы жалғасуда. Жыл соңына дейін 63 жаңа радио, телевизиялық станция пайдалануға беріледі. Бұл ел халқының 95 пайызын цифрлық эфирлік теледидармен қамтуға мүмкіндік жасайды. Сонымен қатар мемлекеттік радио хабар тарату желісі де дамып келеді. Шекаралас елдімекендерде 120 радиотаратқыш іске қосылуда.
Қазақстанда телевизиялық контент өндіру толыққанды индустрияға айналды. Отандық өнімдер көрермен тарапынан жоғары сұранысқа ие болып, мазмұндық тұрғыдан да сапалы екенін дәлелдеді. Жыл бойы көрермендерге жаңалықтар, деректі фильмдер, сараптамалық және зияткерлік бағдарламалар, сондай-ақ отандық телехикаялар ұсынылды», – дейді Министр.