ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА «ТОЙ МӘДЕНИЕТІ – ҰЛТ МӘДЕНИЕТІ» ЖОБАСЫНЫҢ ЖЫЛДЫҚ ҚОРТЫНДЫСЫ

67
Ұлттық құндылықтар мен салт-дәстүрді ұлықтау – бүгінгі күннің маңызды бағыты. Осы мақсатта Жамбыл облыстық ардагерлер кеңесінің бастамасымен, облыс әкімдігінің Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасына қарасты «Шерхан Мұртаза атындағы руханият және тарихтану орталығы» және «Асабалар алаңы» ҚБ бірлесіп жүзеге асырған облыстық «Той мәдениеті – Ұлт мәдениеті» жобасының жылдық қорытынды жиыны (15.12.2025 ж.) Тараз қаласында жоғары деңгейде өтті.
Жоба аясында жыл бойы облыс аудандарында аудан әкімдері, қариялар, асабалар мен тойхана иелерінің қатысуымен дөңгелек үстелдер ұйымдастырылып, той мәдениетін жақсарту жолдары кеңінен талқыланды.
Қорытынды жиында сөз сөйлеген
Облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Солтыбаев Еркінбек Бейсенбекұлы жобаның қоғам үшін маңызын атап өтті;
Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының басшысы Ерлан Жүнісбай мемлекеттік қолдаудың рөліне тоқталды;
«Асабалар алаңы» ҚБ басшысы Ринат Нұрақбаев атқарылған жұмыстар бойынша мазмұнды есеп берді.
Шара барысында той мәдениетін дамытуға белсенді үлес қосқан азаматтар облыс әкімдігінің Алғыс хаттарымен марапатталды.
Үздік аудандар деп танылғандар:
Қордай ауданы (жетекшісі – Еркінбек Құттықов)
Тұрар Рысқұлов ауданы (жетекшісі – Ермахан Сегізбаев)
Шу ауданы (жетекшісі – Нариман Мурзакулов)
Жалпы қорытындыда облыста той мәдениетінің біртіндеп жақсарып келе жатқаны атап өтілді. Аудандардағы кездесулерде айтылған ұсыныстарға сай:
тойлардың уақытында басталып, 23:00-ге дейін аяқталуы;
той тәртібі мен мәдениетінің сақталуы;
мүмкіндігінше күндіз, ішімдіксіз той өткізу секілді бастамалар қолдау тапты.
Қазақтың қазынасы – тойымыз. Ұлттық мәдениетімізді сақтай отырып, заман талабына сай той мәдениетін бірге дамытайық!

Leave A Reply

Your email address will not be published.