Атырау тұрғыны терезесін дұрыс орнатпаған адамнан 1,3 млн теңге өндіріп алды

75

istockphoto.com

Атырау тұрғыны терезесін дұрыс орнатпаған адамнан 1,3 млн теңге өндіріп алды: 17 желтоқсан 2025, жаңалықтар Turkystan.kz
Атырау қаласының тұрғыны қызмет көрсетуші адамның қызметіне жүгініп, олар ақ түсті терезелер мен терезе жақтауын (подоконник) орнатуға келіскен, деп хабарлайды turkystan.kz.

Алайда, жауапкер міндеттемені тиісінше орындамай, орнатылған терезе жақтауы сұр түсті болып шыққан, терезе мен терезе жақтауын визуалды қарау кезінде бір-бірінен ерекшеленіп, жағымсыз көрініс тапқан.

Осыған байланысты, талап қоюшы сотқа тауардың сапасыздығынан туындаған кемшіліктерді жою бойынша шығындарды өтеу және моральдық зиянды өндіру туралы талап қойған.

Жауапкер талап қоюмен келіспеді.

Істі қарау барысында сот «Атырау облыстық сот сараптамасы институтының» маманын жазбаша қорытынды беру үшін тартты.

Сарапшы тауардың тараптар арасында жасалған талаптарға сәйкес еместігі туралы қорытынды берген.

Сот шешімімен талап қою ішінара қанағаттандырылды.

Сот жеке кәсіпкерден тұтынушының пайдасына сапасыз тауардың кемшіліктерін түзетуге байланысты шығындарды өтеу үшін 1 214 370 теңге, 20 000 теңге моральдық зиян өтемақысы, 12 143 теңге мемлекеттік бажды төлеу бойынша сот шығыстары, сондай-ақ 121 437 теңге өкілдің көмегіне төленген шығындарды өндірді.

Сот шешімі заңды күшіне енді.

Толық нұсқасына гиперсілтеме беруді ұмытпаңыз: https://turkystan.kz/article/272986-atyrau-turgyny-terezesin-durys-ornatpagan-adamnan-13-mln-tenge-ondirip-aldy

Leave A Reply

Your email address will not be published.