Адам құқықтары жөніндегі уәкіл сотталғандармен кездесті

44

Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №25 мекемесіне ҚР Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің Жамбыл облысы бойынша өкілі Еркін Қуанышев мекемедегі сотталғандарды жеке сұрақтарымен қабылдады.

Қабылдау барысында сотталған азаматтардың мекемеде кездесетін бірқатар мәселелері талқыланып, құқықтары түсіндіріліп, заңгерлік көмек көрсетілді.

Уәкілдің түзеу мекемесіне келуінің мақсаты – сотталғандардың жағдайларын бақылау және олардың құқықтарының сақталуын қадағалау. Сондай-а, Уәкіл тузеу мекемесі аумағымен танысып, негізгі үй-жайларды, асхананы, медициналық бөлімді, жұмыс орындарын аралап көрді.

Айта кететін болсақ, сотталғандардың құқығын қорғау – Адам құқықтары жөніндегі уәкіл кеңсесі қызметі бағыттарының бірі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.