Көлік министрлігі
Шымкент – Бангкок бағыты бойынша жаңа әуе бағыты ашылды: 16 желтоқсан 2025, жаңалықтар Turkystan.kz
Көлік министрлігі ұшу географиясын кеңейту және халықаралық рейстер санын арттыру бағытында тұрақты жұмыс жүргізуде, деп хабарлайды turkystan.kz.
Бүгіннен бастап қазақстандық «SCAT» әуе компаниясы Шымкент – Бангкок бағыты бойынша Тайландқа жаңа әуе бағытын ашуда.
Рейстер аптасына 2 рет — дүйсенбі және бейсенбі күндері — «Boeing 737 MAX 8» және «Boeing 737–800» типті әуе кемелерімен орындалатын болады.
Аталған әуе қатынасының ашылуы екі ел арасындағы сауда-экономикалық, туристік және іскерлік ынтымақтастықтың одан әрі дамуына ықпал етеді деп күтілуде.
Толық нұсқасына гиперсілтеме беруді ұмытпаңыз: https://turkystan.kz/article/272898-symkent-bangkok-bagyty-boiynsa-zana-aue-bagyty-asyldy