17 мыңнан астам жұмыс орны құрылды

62

Тараз қаласында өңірлік жұмыспен қамту картасы дайындалып, бүгінге нақты 17 272 жұмыс орындары ашылған. Сонымен қатар 365,2  млн теңгеге 5 688 отбасына әлеуметтік көмек көрсетілген. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында баспасөз конференциясын өткізіп жатқан Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков мәлімдеді.

– Өмірлік қиын жағдайда қалған отбасыларға қолдау көрсету мақсатында Тараз қаласында «Отбасын қолдау орталығы» құрылды. Орталықтың негізгі мақсаты – мемлекеттік отбасы саясатының шараларын, оның ішінде некені және отбасыны сақтау, өмірде қиын жағдайға тап болған адамдарға түрлі қолдау көрсетуге жәрдемдесу. Жыл басынан бері орталыққа 2 120 отбасы жүгініп, олардың 1 054-іне жеке жоспар әзірленді. Қазіргі уақытта «Қаратау» шағынауданында бос тұрған ғимаратты күрделі жөндеу арқылы «Отбасын қолдау орталығына» пайдалануға беруді көздеп отырмыз. Осылайша өмірлік қиын жағдайда қалған азаматтарды қайта әлеуметтендіруге арналған орталықты жаңа ғимаратқа көшіру жоспарлануда, – дейді шаһар басшысы.

Сондай-ақ демеушілер есебінен Төле би даңғылы, №49/1 мекенжайындағы бос тұрған ғимаратқа «Белсенді ұзақ өмір сүру» орталығы ретінде қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілген.

Leave A Reply

Your email address will not be published.