Психотроптық заттарды сатуға көмектескен колледж студенті 5 жылға сотталды

17

istockphoto.com

https://turkystan.kz/article/272186-psixotroptyq-zattardy-satuga-komektesken-kolledz-studenti-5-zylga-sottaldy
Абай облысында колледж студенті психотроптық заттарды сату ісіне қатысқаны үшін 5 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Абай облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2025 жылғы 5 қарашадағы үкімімен Семей қаласының кәмелетке толмаған тұрғыны, колледждің үшінші курс студенті психотроптық заттарды өткізуге қатысқаны үшін сотталды.

Кәмелетке толмаған жасөспірім «жасырын белгілеушілер» рөлінде бір айдан сәл астам уақыт жұмыс істеген.

Жасын және істің мән-жайын ескере отырып, сот оған кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған орташа қауіпсіздік деңгейіндегі қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтеуге тиіс 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Абай облысының прокуратурасы азаматтарды, әсіресе жасөспірімдер мен олардың ата-аналарын мессенджерлермен әлеуметтік желілер арқылы құқыққа қайшы схемаларға тартудың ерекше қауіптілігін ескертеді, себебі «жылдам табыс» туралы кез келген ұсыныстар — жасырын салым, курьерлік тапсырмалар не белгісіз заттарды сақтау — ауыр қылмыстық жауаптылыққа алып келеді.

Толық нұсқасына гиперсілтеме беруді ұмытпаңыз: https://turkystan.kz/article/272186-psixotroptyq-zattardy-satuga-komektesken-kolledz-studenti-5-zylga-sottaldy

Leave A Reply

Your email address will not be published.