Қоғамдық орындарда ниқаб кигендерге жаза қолданылатын болды

16

stockphoto.com

https://turkystan.kz/article/272190-qogamdyq-oryndarda-niqab-kigenderge-zaza-qoldanylatyn-boldy
Мәжіліс депутаттары қоғамдық орындарда бетті жауып тұратын, тануға кедергі келтіретін киім (ниқаб) кигені үшін айыппұл салуды көздейтін заңды мақұлдады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Мәжілістің баспасөз қызметінің мәліметінше, депутаттар мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әзірленген «Құқықбұзушылық профилактикасы туралы» жаңа заңды екінші оқылымда қабылдаған.

Заңда құқықбұзушылық профилактикасы жүйесі кеңейтіліп, профилактика субъектілерінің саны 13-тен 26-ға дейін артады.

«Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекске енгізілген түзетулерде қоғамдық орындарда бетті жауып тұратын, тануға кедергі келтіретін киім (ниқаб) кигені үшін әкімшілік жаза қарастырылған. Құқықбұзушылық үшін бірінші рет ескерту жасалады, қайталанған жағдайда 10 АЕК көлемінде айыппұл салынады.

Заңға қайшы контентті жариялағандар мен таратқандарға, сондай-ақ мемлекеттік органдардың бұзушылықтардың себебін жою туралы нұсқауларын қасақана орындамағандарға қатысты жауапкершілік енгізіледі», — делінген хабарламада.

Сондай-ақ табиғи және техногендік төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша азаматтық қорғаныс шараларын орындамағаны үшін мемлекеттік лауазымды тұлғалар мен жергілікті билік органдарына жаңа жауапкершілік түрлерін көздейтін түзетулер енгізілген. Енді Төтенше жағдайлар министрлігі мұндай адамдарды жауапкершілікке тартуға құқылы.

Толық нұсқасына гиперсілтеме беруді ұмытпаңыз: https://turkystan.kz/article/272190-qogamdyq-oryndarda-niqab-kigenderge-zaza-qoldanylatyn-boldy

Leave A Reply

Your email address will not be published.