Жамбыл облысында фермерлерге қысым жасаған шенеуніктер жауапқа тартылды

17

istockphoto.com

https://turkystan.kz/article/272191-zambyl-oblysynda-fermerlerge-qysym-zasagan-seneunikter-zauapqa-tartyldy
Қордай ауданының прокуратурасы кәсіпкерлікті қолдау саласындағы заң талаптарының орындалуына талдау жүргізіп, нәтижесінде ауыл шаруашылығы басқармасы мен «Тараз» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының ауылдық кәсіпкерлердің құқықтарын бұзғанын анықтады, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Ауыл аманаты» мемлекеттік жобасы аясында 102 ауыл кәсіпкері мал шаруашылығын дамыту үшін жеңілдетілген несиелер алып, кепіл ретінде мүліктерін өткізген.

Өз кезегінде, кәсіпкерлер өздерінің кредиттік шарттар бойынша барлық міндеттемелерін толық әрі уақтылы орындаған.

Алайда кәсіпкерлердің бірнеше рет жүгінуіне және несиелеу мерзімінің аяқталғанына қарамастан, «Тараз» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы мен ауыл шаруашылығы басқармасы 6 ай бойы олардың кепілдік құжаттарын қайтармай, адал кәсіпкерлердің заңды құқықтарын шектеген.

Прокуратураның қабылдаған қадағалау шараларының нәтижесінде кәсіпкерлердің мүліктеріне қойылған барлық шектеулер алынып, кепілдік құжаттар заңды иелеріне толықтай қайтарылды.

Сондай-ақ құқық бұзушылықтарға жол берген лауазымды тұлғалар тәртіптік жауаптылыққа тартылды.

Толық нұсқасына гиперсілтеме беруді ұмытпаңыз: https://turkystan.kz/article/272191-zambyl-oblysynda-fermerlerge-qysym-zasagan-seneunikter-zauapqa-tartyldy

Leave A Reply

Your email address will not be published.