Атырауда 60 гитарашы бір мезетте Табылды Досымовтың әнін шырқады (ВИДЕО)

20

Өнерпаздардың ерекше орындауы әлеуметтік желіде таралып жатыр, деп хабарлайды turkystan.kz.

https://turkystan.kz/article/272135-atyrauda-60-gitarasy-bir-mezette-tabyldy-dosymovtyn-anin-syrqady-video

Атырау облысы Индер ауданында Табылды Досымовтың ескерткішінің алдында 60 гитарист бір мезетте бард ақынның әнін шырқады. Іс-шара Табылды Досымовтың 60 жылдығына орай ұйымдастырылды.

Ерекше бастама желі қолданушыларының ыстық ықыласына бөленіп үлгерген.

«Әп-бәрекелді, керемет!. Оралдан жалынды қошеметімді жолдаймын», «Тәрбие көрген, ұлыны ұлықтаған қазақ жігіттері!», «Керемет өнерлі жер», «Домбрамен осылай айтқанды көріп жүрміз, гитарадағы әнді хормен айтканды көрмеппін. «Абройларың арта берсін! Табылды әні мәңгі өлмейді. Иманы жолдасы болсын», —  деп жазды желідегі жұртшылық.

Толық нұсқасына гиперсілтеме беруді ұмытпаңыз: https://turkystan.kz/article/272135-atyrauda-60-gitarasy-bir-mezette-tabyldy-dosymovtyn-anin-syrqady-video

Leave A Reply

Your email address will not be published.