Дулати университетінде «Диалог» студенттік ассамблеясы ашылды

22
Жамбыл облысында ҚХА Студенттер Ассамблеясының ашылуына атсалысып жатқан білім ошақтары көбейіп келеді.
Соның бірі бүгін М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінде «Көшбасшылар мектебі» жобасы аясында «Студенттік Ассамблеяның» салтанатты ашылу рәсімі өтті.
Жиынға арнайы қатысқан Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы «Ассамблея жастары» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Тимур Джумурбаев жиылғандар алдында сөз сөйлеп, филология-гуманитарлық факультетінің студенті Бахар Мамедоваға ресми түрде арнайы «Диалог» Студенттік ассамблеясының жетекшісі ретіндегі куәлігін табыстады.
Жиында бұдан өзге университеттің ғылым және цифрландыру жөніндегі проректоры Сейітжан Орынбаев, Ассамблеясы кафедрасының меңгерушісі, философия ғылымдарының кандидаты Парида Мамедова және осы университтеттің кафедра меңгерушісі, «Әулиеата» қазақ этномәдени бірлестігі төрағасының орынбасары Айгүл Қабиева қатысушылар алдында сөз сөйлеп жастардың жұмыстарына сараптама жасап, жоспарларына сәттілік тіледі.
Жиын барысында қоғамдық келісім мәдениетін дамыту тәжірибесінің сабақтастығы, ҚХА кафедрасының қызметі мен «Диалог» Студенттік ассамблеясы, ЖИ туралы, жастар ұйымдарының, ҚХА құрылымдарының жұмысы, этносаяси терминологияны дұрыс қолдану мәселелері талқыланды.
Іс-шараның соңы «Диалог» Студенттік ассамблеясының алдағы жұмыс жоспары талқыланып, студенттердің сұрақ-жауап алмасуымен аяқталды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.