ҚОБЫЗ – ӘУЛЕТІНЕ ҚОНҒАН БАҚ

45
Ықылас Дүкенұлы 1843 жылы қазіргі Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Түгіскен ауылының, Қамысмола деген жерінде дүниеге келген. 1916 жылы 82 жасында дүниеден өтіп, Қуаралдағы Кемен (Ықыластың үлкен шешесі. Ол кісі жерленген төбені, ел Кемен деп атап кеткен) төбенің етегінде жерленген.
Ықылас күйлерін бүгінгі ұрпаққа жеткізген қобызшылар: Ашай Бекмағамбетұлы, Әбікей Мұсаұлы, Түсіпбек Ықыласұлы, Сүгір Әліұлы. Ықыластан кейінгі өнер жалғастырушылары: шөбересі Нұрлан Есмаханов және шөпшегі Ақнар Шәріпбаева.
«Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы аясында қазақ халқының асыл қазнасының бірі – күй өнерін, оның ішінде Ұлы Қорқыт бабадан бастау алатын қобыз күйлерін дамытып, насихаттаудың маңызы айырықша елеулі. Соның бір дәлелі – Ықылас Дүкенұлы атындағы Республикалық қобызшылар байқауы.
Үкіметтің тапсырмасымен Тараз қаласында Ықылас Дүкенұлына ескерткіш қойылды. Ескерткіштің авторы – Темірхан Тұрғынбайұлы Қолжігіт.
Ы.Дүкенұлы атындағы І республикалық қобызшылар байқауының ашылу рәсімінде – ұлы күйшінің ғасырға жуық үнсіз болған қара қобызында алғаш күй орындау құрметіне ие болып, тынысын ашқан Ықыластың шөбересі – Нұрлан Есмаханов. Ол «Кертолғау» күйін орындағанда, қобыздың үні басталғанан біткенше – халық тұрып тыңдады.
2012 жылы желтоқсан айының басында, Жамбыл облысының мәдени басқармасының ұйымдастыруымен Ы.Дүкенұлы атындағы Республикалық қобызшылар ІІ байқауы өтті. Осы байқауда Ықыластың шөпшегі – Республикалық сайыстардың және халықаралық фестивальдардың лауреаты, компазитор Ақнар Шәріпбаева, Қорқыттың «Қорқыт» күйімен, атасының қобызымен ашты.
Сонда, Ұлы қобызшы-компазитор Ықылас Дүкенұлының ежелден, тұқымымен (5 атасы қобызшы), зергер, қобыз шеберлері және кейінгі ұрпақтарына дейін дәстүр үзілмей жалғасуда.
Бұл музыка әлемінде: Страдивари – музыкалық аспап шеберлері, Бах – музыкант, компазиторлар династиялары секілді үлкен құбылыс.
Қобыз өнері – Ықылас Дүкенұлының әулетіне қонған бақ!
Дайындаған: Г.Бүркітбаева
«Елдің Ықыласы» атты ән жинағы

Leave A Reply

Your email address will not be published.